Кітап оқыйтын ұлт

    Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды.

    «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

    Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.

    «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады.

    Қазіргі таңда Сіздерге «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.

    Осыған байланысты аталған жобаға қатысушыларды тіркеу жұмысы басталды.

    https://reading-nation.kz/ сайтына өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз!

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жеке қабылдау 4 тоқсан 2026 жыл

    ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асанов Қуаныш Қабылбекұлы Түркістан қаласында, Жаңа қала шағын ауданында облыстық басқармалар үйінде орналасқан «А...

    Ақпарат

    Сәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің лауазымдық нұсқаулық

    Ақпарат

    Лауазымдық нұсқаулық қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру бөлімі

    Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2026 жылғы «___» сәуірдегі №________ бұйрығына 1-қосымша Лауазымдық нұсқаулық Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы қалақұрылыстық кадаст...

    Ақпарат

    Бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің Лауазымдық нұсқаулықтары

    Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2026 жылғы «___» сәуірдегі №_______бұйрығына 9-қосымша Лауазымдық нұсқаулық Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы бас жоспарды және қала...

    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарламасы бойынша паспорт

    272 «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ» 272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 202...