Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкім аппараты ауылдық округ әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін және ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ: «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, қосымшасына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 348 913,0 мың теңге: салық түсімдері – 135 343,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге; Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -1 500 мың теңге; трансферттер түсімдері – 212 070,0 мың теңге; 2) шығындар – 353 958,7 мың теңге; 3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) -5 045,7 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 045,7 мың теңге: қарыздар түсімі - 0 теңге; қарыздарды өтеу - 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 045,7 мың теңге. мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін".; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.