Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, қосымшасына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 348 913,0 мың теңге:
салық түсімдері – 135 343,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -1 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 212 070,0 мың теңге;
2) шығындар – 353 958,7 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) -5 045,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
5 045,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 045,7 мың теңге.
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін".;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.