Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі-Аппарат) аудан әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін және ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады
Жаңалықтар
Құжаттар
Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтөқсан № 37/7 «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104, 106, 109-1-баптары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, "құқықтық актілер туралы"2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы болып табылады. Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету. Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері: Бюджеттің кіріс бөлігін түзету. Ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігін сапалы орындау мақсатында: Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кайранкөл ауылдық округінің әкімі К.К.Амантаев
«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №37/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ: «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/7 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 76 939 мың теңге: салықтық түсімдер – 14 294 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 245 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге; арнайы түсімдер – 0 теңге трансферттер түсімі – 61 400 000 мың теңге; 2) шығындар – 78 881,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 942,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 942,5 мың теңге: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 942,5 мың теңге.»; «6-1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігіне түзетулерді енгізу, соның ішінде: Жылдық жоспар жалпы сомасы 2 114 мың теңгеге азайтылсын: 101.202" Жеке табыс салығы " сомасы -2 064 мың теңге 104.102" Мүлiкке салынатын салықтар " сомасы -50 мың теңге Жылдық жоспар жалпы сомасы 2 114 мың теңгеге ұлғайтылсын: 104.501 « Бірыңғай жер салығы 2 114 мың теңге көрсетілген шешімнің 1-қосымшалары осы шешімнің 1-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова
2026 жылғы 3-ші тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
2026 жылғы 3-ші тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі Мемлекеттік органның атауы Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж. Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж., лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыс телефоны «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Амантаев Қаиркелды Қариұлы ауылдық округ әкімі 01. 07. 2026 03. 07. 2026 08. 07. 2026 10. 07. 2026 15. 07. 2026 17. 07. 2026 22. 07. 2026 24. 07. 2026 29. 07. 2026 31. 07. 2026 05. 08. 2026 07. 08. 2026 12. 08. 2026 14. 08. 2026 19. 08. 2026 21. 08. 2026 26. 08. 2026 28. 08. 2026 02. 09. 2026 04. 09. 2026 09. 09. 2026 11. 09. 2026 16. 09. 2026 18. 09. 2026 23. 09. 2026 25. 09. 2026 30. 09. 2026 с 1000 до 1300 Қайранкөл ауылы Молодежная көшесі, 1 үй 3-41-10