Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/7 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 76 939 мың теңге:
салықтық түсімдер – 14 294 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 245 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
арнайы түсімдер – 0 теңге
трансферттер түсімі – 61 400 000 мың теңге;
2) шығындар – 78 881,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 942,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 942,5 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 942,5 мың теңге.»;
«6-1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігіне түзетулерді енгізу, соның ішінде:
Жылдық жоспар жалпы сомасы 2 114 мың теңгеге азайтылсын:
101.202 " Жеке табыс салығы " сомасы -2 064 мың теңге
104.102 " Мүлiкке салынатын салықтар " сомасы -50 мың теңге
Жылдық жоспар жалпы сомасы 2 114 мың теңгеге ұлғайтылсын:
104.501 « Бірыңғай жер салығы 2 114 мың теңге
көрсетілген шешімнің 1-қосымшалары осы шешімнің 1-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
Л. Топорова |