Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Бөлім туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 2-81-49 немесе 2-81-60 сенім телефонын, сонымен қатар бөлім басшысымен және бөлім басшысының орынбасарымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін ұсынады.

    бөлім басшысы — Елена Анатольевна Умовист апта сайын дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері;

    бөлiм басшысының орынбасары — Әлия Бақытқызы Мәкенова апта сайын дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері;

    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

    КІРІСПЕ БӨЛІМ «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 87 бұйрығы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 29 мамыр аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды. Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 1 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдау анықтамасын келесі құрамдағы жұмыс тобы жасақтады: Әлия Бақытқызы Мәкенова– бөлім басшысының орынбасары; Елена Николаевна Земляных– бас маман – бас бухгалтер; Елена Петровна Дикусарова– мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман; Юлия Владимировна Бәкірова– төлемдерді тағайындау жөніндегі бас маман; Айша Көшербайқызы Түтүнова– еңбек нарығын талдау жөніндегі бас маман. Жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді: Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметіне қатысты құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы бөлім қызметін реттейтін құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сондай-ақ бұдан бұрын жүргізілген тексерістердің нәтижелерін зерделеді. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына сәйкес жүзеге асырады: «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі», Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және өзге де құқықтық актілер. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер туындауына жағдай жасайтын құқықтық актілер, ішкі құжаттар, ережелер, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерделеу кезінде ішкі талдау мыналарды көрсетті: Бөлімнің штаттық саны 8 штаттық бірлікті құрайды, нақты саны – 8 әкімшілік мемлекеттік қызметші. Талдау барысында талданатын кезеңде объективті себептер бойынша кадрлардың ауысымдылығы мынаны құрағаны анықталды: қабылданғандар саны – 2 адам; жұмыстан босатылғандар саны – 3 адам; лауазымын төмендету жағдайлары болған жоқ. Тексерілетін кезеңде командалық ауысулар анықталған жоқ. Көтермелеу тәжірибесін қолдануға қатысты мамандарды мерекелік күндерге орай сыйлықақымен марапаттау туралы өкімдер зерделенді, онда сыйлықақы төлемдері сыйлықақы беру қағидаларына сәйкес (қаражатты үнемдеу есебінен) жүзеге асырылғаны анықталды. Жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ. Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ. Мүдделер қақтығысын реттеу Талданатын кезеңде теріс уәждер бойынша жұмыстан босату фактілері анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы фактілері белгіленбеді. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Бөлім қызметкерлері белгіленген мерзімде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында бөлімнің барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы тапсырды, үлестерін сенімгерлік басқаруға берді. Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі (аффилирленуі), қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және қолданыстағы заңнамада лауазымды тұлғалар үшін белгіленген тыйымдарды бұзу фактілері жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлері туралы сын мақалалар (жарияланымдар) жоқ. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне байланысты шектеулер ескеріледі, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары орындалады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларының дәлелдері табылған жоқ. Тәртіптік практиканы талдау барысында бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істердің жоқтығы және мерзімінен бұрын жазаны алып тастау жағдайларының болмағандығы анықталды. Жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтерді бекітілген стандарттарға сай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде көрсетеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілетін қызметтердің жалпы саны – 17. Талданатын кезеңде бөлім тарапынан 1048 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілгені – 80 немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 7,6%-ы, оның ішінде: Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 78. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 2. Қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда көрсетілгені – 520 немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 49,7%-ы, оның ішінде: Іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғаның шотына түскен мүлікті билеуге, зейнетақыны, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру – 24. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 454. Іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі азаматқа қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу – 13. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу – 24. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (екінші деңгейдегі банктер, банктің смарт-қосымшасы арқылы) – 5. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілгені – 448 немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 42,7%-ы, оның ішінде: Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 76. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 134. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 10. Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 5. Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 29. Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттар рәсімдеу – 16. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 71. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу – 13. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу – 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау – 3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 71. Бөлімнің көрсеткен мемлекеттік қызметтері туралы есеп аудан әкімінің аппаратына ұсынылады. Талданатын кезеңде көрсетілген барлық 1048 қызмет бойынша 16 бас тарту жағдайы тіркелді. Негізсіз бас тартулар жоқ. Бөлімнің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары мен стандарттары мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданыстағы ережелерге сілтемелермен, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдану тәртібімен және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу құқықтарымен бірге орналастырылған. Бөлімде QR-кодтары бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары орналастырылған стендтер бар. Қызмет алушылар үшін үстелдер, орындықтар, күтуге арналған жұмсақ дивандар орнатылған. Бөлімде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұйымдық техникамен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарында, бөлімнің сайтында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың ақпараттық жүйелердегі жұмысында кемшіліктер (тиісті деңгейде жұмыс істемеу фактілері) анықталған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Ұсынымдар: Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді жүзеге асыру және ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізу (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Рұқсат беру функцияларын іске асыру «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметіне рұқсат беру функцияларын іске асыру кірмейді. Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметіне бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру кірмейді. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсау жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны анықталды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюджетінің атқарылуы туралы мониторинг ай сайын ұсынылып тұрады. Заңнамаға сәйкес, бөлім үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, «Ашық бюджеттер» электрондық мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына екі реттен артық енгізілмейді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Шарттарға мерзімінде қол қойылып, олар толық орындалды. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сатып алулары ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мерзімдер сақталған, бұзушылықтарға жол берілмейді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақтылы әзірленеді және бекітіледі. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 29 мамыр аралығындағы кезеңде мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылды: электрондық дүкен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілі, ашық конкурс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу. 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 29 мамыр аралығындағы кезеңде 25 732,2 мың теңге сомасына 73 шарт жасасылды, оның ішінде: электрондық дүкен – 187,4 мың теңге сомасына 1 шарт (0,7%); баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 6 065,7 мың теңге сомасына 25 шарт (23,6%); шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу – 9 942,9 мың теңге сомасына 14 шарт (38,6%); өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу – 5 443,2 мың теңге сомасына 29 шарт (21,2%); ашық конкурс – 1 843,0 мың теңге сомасына 3 шарт (7,2%); мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 2 250,0 мың теңге сомасына 1 шарт (8,7%). Осыдан мемлекеттік сатып алудың негізгі бөлігі сатып алудың бәсекелестік тәсілдеріне тиесілі деген қорытынды жасауға болады. Төлем Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі (аффилирленуі) анықталған жоқ. Өткізілетін мемлекеттік сатып алуға бөлім басшысының жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің қатысу фактілері анықталған жоқ. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына жол берілмейді. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын қарау кезінде олардың үлестестігінің бар екендігі анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты талдай келе, жұмыс тобы өнім берушілермен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанын белгіледі. Ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы мен жариялылығына бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының бұлжытсыз сақталуын қамтамасыз ету (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарының санын азайту (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметіне ақпараттық жүйелерді әзірлеуді және пайдалануды іске асыру кірмейді. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлімнің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысы зерделенді. Талданатын кезеңде Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 13 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 11 өтініш және заңды тұлғалардан – 2 өтініш. Оның ішінде: азаматтарды қабылдау арқылы – 3 адам, «Е-өтініш» АЖ арқылы – 9, қолма-қол (өз қолымен) – 1 өтініш. Бөлімде бөлім басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында («Вести», «Magjan juldyzy» газеттерінде, бөлімнің ozsp-mzh.sko.gov.kz интернет-сайтында) жарияланады және Бөлімнің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында көрінетін жерге орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ҚР ӘРПК-не сәйкес белгіленген тәртіппен қаралады, бұзушылықтар жоқ, келіп түскен өтініштер қаралды, өтініш берушілерге уақтылы жауаптар берілді. Анонимді өтініштер жоқ. Тақырыптарды талдау көрсеткендей, аудан тұрғындарын оларды әлеуметтік қолдауға қатысты әлеуметтік сипаттағы мәселелер, халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемалар толғандырады. Бөлім қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс сипаттағы материалдардың жариялануы анықталған жоқ. Құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын фактілерді немесе теріс қылықтарды анықтау үшін жағдай жасау мақсатында Бөлімде 2-81-49 сенім телефоны ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол арқылы азаматтардың мұндай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар, сондай-ақ «Азаматтардың ұсыныстарына арналған» жәшік орнатылған. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген қорытындыға келді. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де бұдан бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 19 мамырдағы «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 98 бірлескен бұйрығы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талданатын кезең: 2024 жылғы 3 қаңтар мен 2025 жылғы 30 сәуір аралығы. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 3 ұсыным берілді. Барлық ұсынымдар орындалды. Ұсынымдардың жалпы тізімі: Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді жүзеге асыру және ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізу (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы мен жариялылығына бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының бұлжытсыз сақталуын қамтамасыз ету (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарының санын азайту (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ Әлия Бақытқызы Мәкенова– бөлім басшысының орынбасары_______________ (ТАӘ, қолы) Елена Николаевна Земляных– бас маман – бас бухгалтер________________ (ТАӘ, қолы) Елена Петровна Дикусарова– мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман __________________________ (ТАӘ, қолы) Юлия Владимировна Бәкірова– төлемдерді тағайындау жөніндегі бас маман ____________________________________ (ТАӘ, қолы) Айша Көшербайқызы Түтүнова– еңбек нарығын талдау жөніндегі бас маман __________________ (ТАӘ, қолы) Танысты: Е.А. Умовист _____________________ (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Т.А.Ә., қолы)

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31713 болып тіркелген) жаңа редакцияда мазмұндалған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4, 6 және 11-тармақтарына сәйкес, БҰЙРАМЫН: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі топтың құрамы (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 11 - тармағында көзделген бағыттар анықталсын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2026 жылғы 01 маусымнан бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын болып белгіленсін. Талданатын кезең 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 29 мамырға дейін. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей келісілген талдамалық анықтаманы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына қарау үшін тапсырылсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Бөлім басшысы Е. Умовист

    Жарияланды: