Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31713 болып тіркелген) жаңа редакцияда мазмұндалған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4, 6 және 11-тармақтарына сәйкес, БҰЙРАМЫН:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмысмен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі топтың құрамы (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 11 - тармағында көзделген бағыттар анықталсын.
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2026 жылғы 01 маусымнан бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын болып белгіленсін.
    5. Талданатын кезең 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 29 мамырға дейін.
    6. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей келісілген талдамалық анықтаманы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына қарау үшін тапсырылсын.
    7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
    8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Бөлім басшысы Е. Умовист

    Жүктеу
    b4af24be835d309b9623e118f3f6c861_original.727388.pdf
    PDF · 710 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

    КІРІСПЕ БӨЛІМ «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 87 бұйрығы негізінде...