Құрылтай - 2026

    Жалпы ақпарат
    Құрылтай

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Какие именно удостоверяющие личность документы необходимо иметь при себе для получения бюллетеня?

    Жауап

    Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Электрондық құжаттар да қағаз түріндегі құжаттармен бірдей заңды күшке ие.

    ·
    Сұрақ

    Как проверить наличие своего имени в списках до дня голосования? Что делать и куда обращаться, если гражданин не нашел себя в списке?

    Жауап

    Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасының негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығына ие және тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелген, дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі. 2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесі бойынша өздері туралы деректердің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеру мүмкіндігі беріледі. Сайлаушылар тізіміне енгізілгеніңізді тексеруге немесе сайлаушылар тізіміне енгізілу мәселесі бойынша қайда жүгіну қажет екенін мына тәсілдер арқылы білуге болады: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы сайлау учаскесін іздеу сервисі арқылы; сайлау комиссияларының ресми интернет-ресурстары арқылы; ұялы байланыс операторларының тіркелген абоненттеріне орталықтандырылған ақпараттық SMS-хабарламаларды жіберу арқылы; call-орталықтар арқылы. Уақытша тіркелген азаматтарды олардың берген өтінішінің негізінде жергілікті атқарушы орган дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 23 шілдеге дейін сайлаушылар тізіміне енгізеді. Өтініш келіп түскен жағдайда, әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша тізімнен шығаруды ұйымдастырады. Осы құқықты: дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтыны белгілі азаматтар; орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын, басқа өңірден келген студенттер; вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Азамат тек бір ғана тізімге енгізіле алады.

    ·
    Қаулы

    Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

    Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды:
    НҚА

    Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы құқықтық мониторинг нәтижелері туралы ақпараты

    Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы құқықтық мониторинг нәтижелері туралы ақпараты

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-бабының 8-тармағына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін. 2. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін. 3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Т. Ерманға жүктелсін.

    Жарияланды: