Құрылым — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Қазақстан Республикасы ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті – құқық бұзушылық профилактикасын үйлестіруді және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы. Мақсаты: 1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) қылмыстың жай-күйін, оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау, талдамалық және болжамды материалдарды дайындау, профилактикалық қызметті жетілдіру; 3) ІІМ қызметтері жүргізетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 4) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне ІІМ бөліністерінің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру. Функциялары: 1) профилактикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың нәтижелігін бағалау; 2) құқық бұзушылық профилактика шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау; 3) құқық бұзушылық профилактикасы және қылмыс факторларының мәселелері бойынша ғылыми, социологиялық және талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру; 4) сандық жүйелерді, автоматтандырылған аналитикалық платформаларды және кримогендік тәуекелерді болжау технологияларын қолдану; 5) анықталған деректер мен үрдістердің негізінде профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

    koordinaciya-profilaktiki

    Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті – ведомствоның құрылымдық бөлінісі.

    kkod-mvd

    Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы

    Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.

    kvv
    Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті

    Әкімшілік полиция комитеті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік пен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде әйелдерге қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасайтын государственный орган.

    police
    Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті

    Көші-қон қызметі комитеті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын государственный орган.

    migration
    Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

    Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi – жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы.

    ps

    Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті

    Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды үйлестіретін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы.

    kpn