Қызметкерлер — Успен ауданының әкімдігі

    Успен ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Мақашев Нұрболат Абылайханұлы
    Әкім

    Мақашев Нұрболат Абылайханұлы

    Успен ауданының әкімі

    Нұрболат Абылайханұлы Мақашев – 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында туылған, 2003 жылы азық-түлік саласын стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы заң мамандығы бойынша «Туран-Астана» университетін, 2015 жылы («Болашақ» бағдарламасы бойынша) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша «Шпайер» әкімшілік басқармасы Неміс университетінің магистратурасын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

    Куанов Газым Бейсембаевич
    Әкімінің орынбасары

    Куанов Газым Бейсембаевич

    Успен ауданы әкімінің орынбасары

    1985 жылы 26 мамырда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2010 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша бітірген.

    КәсіпкерлікЖер қатынастарыАуыл шаруашылығыМәдениет
    Бижанова Асель Темирболатовна
    Әкімінің орынбасары

    Бижанова Асель Темирболатовна

    Успен ауданы әкімінің орынбасары

    Бижанова Асель Темирболатовна 1980 жылғы 27 желтоқсан күні Қазақстан Республикасында, Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай ауылында туды. Білімі жоғары. 2002 жыл - Алматы экономика және статистика университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

    ТКШЭкономикаКәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
    Курсакова Валентина Петровна
    Аппарат басшысы

    Курсакова Валентина Петровна

    Успен ауданының әкімі аппаратының басшысы

    Валентина Петровна Курсакова – орыс тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдады.

    Бөлім

    8
    Искакова Кристина Юрьевна
    Бөлім басшысы

    Искакова Кристина Юрьевна

    Успен ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы

    Искакова Кристина Юрьевна, 1992 жылы туған, білімі жоғары, 2014 жылы ПМУ бітірген.С. Торайғырова "Агрономия" мамандығы бойынша. Еңбек жолын 2016 жылдың шілде айынан бастап жер қатынастары бөлімінде бас маман, бөлім басшысы лауазымында бастады, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары болып табылады.

    Усольцева Татьяна Викторовна
    Қызметкерлер

    Усольцева Татьяна Викторовна

    Успен ауданының қаржы бөлімінің басшысы

    Усольцева Татьяна Викторовна 1972 жылғы 1 қаңтар күні Қазақстан Республикасында, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында туды. Білімі жоғары. 2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

    Рамазанова Дания Хабидулаевна
    Бөлім басшысы

    Рамазанова Дания Хабидулаевна

    "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

    2025 ж.10.06 бастап Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды. 1984 жылы 7 ақпанда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында тұған. Білімі жоғары 2007 жылы, Торайгыров университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Айдархан Қуантай Елемесұлы
    Қызметкерлер

    Айдархан Қуантай Елемесұлы

    Успен ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Айдархан Қуантай Елемесұлы 1993 жылғы 13 қаңтар күні Қазақстан Республикасында, Павлодар облысында, Лебяж ауданы, Шабар ауылында туды. Білімі жоғары. 2015 жыл - Инновациялық Еуразия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

    Испулова Жанаргуль Рамазановна
    Бөлім басшысы

    Испулова Жанаргуль Рамазановна

    "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, Успен ауданы, Успен ауылы

    2024 ж.09.22 бастап Успен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 1988 жылы 4 желтоқсанда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында тұған. Білімі жоғары 2010 жылы, Ресейдегі Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Альпеисова Салтанат Муратовна
    Бөлім басшысы

    Альпеисова Салтанат Муратовна

    «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Успен ауылы, Успен ауданы

    Альпеисова Салтанат Муратовна 1978 жылы 2 қараша күні Қазақстан Республикасында, Павлодар облысы, Май ауданы, Қаратерек ауылында туды. Білімі жоғары. 2006 жылы - Инновациялық Еуразия Университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірді. 2026 жылы Торайғыров университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурасын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесі берілді.

    Испулов Марат Айдарбекович
    Бөлім басшысы

    Испулов Марат Айдарбекович

    Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.

    2025 ж.02.07 бастап Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. 1982 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында тұған. Білімі жоғары 2007 жылы С.Торайгыров атындығы Павлодар мемлекеттік университетін «Басқару мен ақпаратты өндеудің копьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген .

    Басқа қызметкерлер

    8
    Баймулдинов Болат Кабылдинович
    Қызметкерлер

    Баймулдинов Болат Кабылдинович

    Лозов ауылдық округінің әкімі

    1965 жылы 27 мамыр күні Павлодар облысы, Успен ауданы, Майқомыс ауылында туды. Білімі жоғары. 1989 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді.

    Макатаев Серик Кайргельдыевич
    Әкім

    Макатаев Серик Кайргельдыевич

    Ольгин ауылдық округінің әкімі

    2025жылғы 8 желтоқсаннан бастап Успен ауданының Ольгин ауылдық округінің әкім лауазымына тағайындалды. 1985 жылы 27 шілде Ресей федерациясында, Поповка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы қазіргі Гумунитарлық академиясы Новосибирск университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Каирова Айтолкын Турагуевна
    Қызметкерлер

    Каирова Айтолкын Турагуевна

    Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің

    2025 ж. 14.05 Успен ауданының Қоңырозек ауылдық округінің әкімі, 1976 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысы, Успен ауданы, Майкамыс ауылында тұған. Білімі жоғары 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген .

    Сабитова Раушан Викторовна
    Қызметкерлер

    Сабитова Раушан Викторовна

    Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі

    2025 ж.05.03 Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі, 1970 жылы 24 наурызда Павлодар облысы, Успен ауданы, Қозыкеткен ауылында тұған. Білімі жоғары 2022 жылы "Омбы гуманитарлық академиясы" жоғары білім беру ұйымы жеке меншік мекемесін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген .

    Саламацкий Сергей Иванович
    Қызметкерлер

    Саламацкий Сергей Иванович

    Успен ауылдық округінің әкімі

    1964 жылы 16 тамызда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1982 ж Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» маманы бойынша бітірді Трудовой стаж Еңбек өтілі

    Симоненко Вячеслав Николаевич
    Қызметкерлер

    Симоненко Вячеслав Николаевич

    Новопокров ауылдық округінің әкімі

    1989 жылы 17 тамыз күні Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Қашир ауылында туды Білімі жоғары. 2011 жылы Инновациялық Еуразия Университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару бакалавры» мамандығы бойынша бітірді

    Мадениетов Еркебулан Багдатович
    Қызметкерлер

    Мадениетов Еркебулан Багдатович

    Равнополь ауылдық округінің әкімі

    2025 жылғы 14 мамырдан бастап Успен ауданының Равнополь ауылдық округінің әкімі, 1988 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралинск ауданы, Татан ауылында тұған. Білімі жоғары 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген

    Негриенко Виктор Викторович
    Бөлім басшысы

    Негриенко Виктор Викторович

    *

    2026 ж.10.03 «Успен ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 1987 жылғы 23 ақпанда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында тұған. Екі жоғары білімі бар 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірген, 2022 жылы Торайгыров Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.