Успен ауданының әкімдігі

    Әкімдік Туралы

    Успен ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығысында жайғасқан. Солтүстік пен солтүстік-шығысында Тереңкөлмен, батыс пен оңтүстік-батыста Павлодар ауданымен, солтүстік-шығысында Ресей Федерациясы Новосибирск ауданымен және Алтай өлкесімен шектеседі. Аудан бедері түзу, ауа райы күрт континенталды, топырағы каштанды. өсімдік әлемінде ақ селеу, бетегелі, қурай, шалғы, қамыстар бар, ал жануар әлемінде қасқыр, түлкі, қоян, қорқыс, сусыл және құстардан мекиен бөдене, үйрек, қаз және де басқа құстар бар.

    Аудан тарихының бастамасы 1935 жылдың 31 қыркүйегінен басталады, СООҚ қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының Цюрюпин ауданаын ықшамдап Лозов ауданын құрды. Аудан құрамына 14 ауыл кеңесі кірді: Белоцерков, Богатырь, Дмитриев, Жайнақ, Лозов, Надаров Новопокров, Павлов, Равнополь, Рождествен, Таволжан, Успен, Үшкөл. Жоспар бойынша аудан орталығы Лозов селосы болды, ауданның алғаш атауы осыдан тараған. Бірақ соңында жаңа ауданның орталығы Успен селосы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан аудан Успен болып аталады.

    1938 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының құрылғанына дейін Лозов ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Лозов ауданының халық саны, 1937 жылдың халық санағы бойынша, 16091 адам болды, соның ішінде еркектер-7806, әйелдер- 8285. 1940 жылдың 1 қаңтарына ауданда 18617 адам болды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Успен ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерінің кестесі

    Құрметті аудан тұрғындары! Ағымдағы жылдың 1-9 маусымы аралығында кестеге сәйкес, ауданның шағын ауылдарының тұрғындарымен ауылдық округ әкімдерінің тұрақты кездесулері өткізілетін болады. Ағымдағы жылдың 15-18 маусымынан бастап кестеге сәйкес, ауылдық округтердің орталық елді мекендерінде Успен ауданының әкімі Нұрболат Абылайханұлы Мақашевтың халықпен тұрақты кездесулері өтеді. Сіз өз ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді және жауаптарыңызды электрондық форматта немесе жазбаша түрде: Успен ауданы әкімдігінің ресми сайтына www.gov.kz ; Әлеуметтік желілердің аккаунттарына және мессенджерлерге (Instagram - @n.makashev; WhatsApp нөмірі - +77085919169); 8(71834) 91-9-37, 91-8-30байланыс телефондары арқылы жібере аласыздар. Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтеді.

    1 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қатты отынға біржолғы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Успен ауданында біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Уәкілетті орган кірісті ескере отырып, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді: - қатты отынға табысы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 14 АЕК (55 048 теңге) мөлшерінен жетпіс пайыздан төмен аз қамтылған отбасыларға. Барлық сұрақтар бойынша «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Успен ауылы, 10 лет Независимости к-сі, 27. Телефон: 87183491930 хабарласа аласыздар.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар аурумен әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №70/12 шешіміне сәйкес 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек енгізілді: «Инсулинге тәуелді бірінші типті қант диабеті» ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 АЕК (39320 теңге); қант диабетімен ауыратын адамдарға 5 АЕК (19660 теңге); созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозынан зардап шегетін адамдарға 5 АЕК (19660 теңге); психикалық, мінез-құлық бұзылуларынан (аурулардан) зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге); балалардың церебралдық параличі бар балаларға 5 АЕК (19660 теңге); миокардтың жіті инфаргімен ауыратын адамдарға (алғашқы 6 ай) 5 АЕК (19660 теңге); ревматизммен зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге); дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларынан зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге); нерв жүйесінің дегенерациялық ауруымен ауыратын адамдарға 2 АЕК (7864 теңге); орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық ауруларымен ауыратын адамдарға 2 АЕК (7864 теңге); орфандық аурулардан зардап шегетін адамдарға 3 АЕК (11796 теңге). 2025 жылы 1 АЕК 3932 теңгені құрайды. Барлық сұрақтар бойынша «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі 27, телефон: 87183491930 хабарласа аласыздар.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру қажет

    Жауап

    Сізге Отбасы банк Баспана маркет АҚ сайты арқылы электрондық форматтағы құжаттардың толық пакетімен онлайн жүгінуге кеңес береміз. Толығырақ кеңес алу үшін Сіз «Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ Успен ауылы, Терешкова көшесі, 29 мекен-жайы бойынша немесе 91669,79000 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысқыңыз келсе

    Жауап

    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдаманы Сіз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен ала аласыз. Ұсынылатын бағыттар: 1. Жастар практикасына; 2. Қоғамдық жұмыстарға; 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін; 4. Жұмысқа орналасу үшін; 5. Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға; 6. Адамдарға кәсіби бағдарлауда тегін қызмет көрсетуге; 7. Бірінші жұмыс орнына ("бірінші жұмыс орны"жобасы).

    ·
    Бюджет

    Успен ауданының Новопокровка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі шешімі (2026 жылғы 27 шілдедегі нақтылау)

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Успен ауданы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджет (нақтылау 2026 жылғы шілде)

    Жарияланды:
    Бюджет

    «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ 2026-2028 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Успен ауданының әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Жарияланды: