Қызметкерлер — Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Халелов Серік Абдоллаұлы
    Басқарма басшысы

    Халелов Серік Абдоллаұлы

    «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

    Серік Абдоллаұлы Халелов 1974 жылы туған, екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

    Ахметжанов Қайрат Майданұлы
    Орынбасары

    Ахметжанов Қайрат Майданұлы

    «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

    1974 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысы Ертіс ауданының С. Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 1996 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын «ауыл шаруашылығы құрылысы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «кеден ісі» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқық» мамандығы бойынша, 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, ал 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Әуқайырова Салтанат Серікқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Әуқайырова Салтанат Серікқызы

    «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

    1974 жылғы 24 қарашада Павлодар облысы Май ауданының Көктөбе ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар: 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, ал 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім

    4
    Кольев Олег Викторович
    Бөлім басшысы

    Кольев Олег Викторович

    "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ спорт бөлімінің басшысы

    1966 жылғы 11 мамырда Украинаның Винница облысы, Турбов кентінде дүниеге келген. Жоғары білімі бар: 1989 жылы Павлодар педагогикалық институтын «дене шынықтыру дайындығы» мамандығы бойынша бітірген (біліктілігі — «орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі»). Ант қабылданған күні: 1992 жылғы 2 қаңтар.

    Сакен Талғат Оразұлы
    Бөлім басшысы

    Сакен Талғат Оразұлы

    "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ бұқаралық-дене шынықтыру жұмысы бөлімінің басшысы

    1987 жылғы 30 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар: 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген (күндізгі оқу нысаны, біліктілігі — «мемлекеттік және жергілікті басқару»). Ант қабылданған күні: 2009 жылғы 28 шілде.

    Омарбекова Жанар Дюсембайқызы
    Бөлім басшысы

    Омарбекова Жанар Дюсембайқызы

    "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ қаржылық-экономикалық бөлімінің басшысы

    Жалпы ақпарат, білімі 1981 жылы 14 қарашада Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келген. Техникалық кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 2000 жылы Павлодар экономикалық колледжін (экономика, бухгалтерлік есеп және аудит; біліктілігі — экономист-бухгалтер), 2007 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (сырттай оқу, біліктілігі — есеп және аудит бакалавры), ал 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша (сырттай оқу, академиялық дәрежесі — экономика магистрі) аяқтаған. Ант қабылдаған күні: 2003 жылғы 10 маусым.

    Жұмабаев Асқар Қайратұлы
    Бөлім басшысы

    Жұмабаев Асқар Қайратұлы

    Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы

    1992 жылғы 30 қарашада Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында туған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 2012 жылы Талдықорған политехникалық колледжін «каржы» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «каржы» мамандығы бойынша, ал 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «өңірлік даму» мамандығы бойынша бітірген. Өңірлік кадр резервінің мүшесі.

    Басқа қызметкерлер

    9
    Басшы

    Қайырбаев Қайрат Махметұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорттық шеберлік мектебі" КМҚК басшысы

    Спорт
    Басшы

    Айткенов Айтуған Нұрмұханұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "№1 олимпийадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ басшысы

    Басшы

    Тарасов Андрей Александрович

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КМҚК басшысы

    Басшы

    Тұмарбеков Нұрбол Абылайұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КМҚК басшысы

    Басшы

    Әлпиев Таман Мұратұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп -интернат – колледжі» КММ басшысы

    Басшы

    Жоломанов Дархан Әдеппайұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубы» КММ басшысы

    Басшы

    Сұнқарбеков Заңғар Сағадатұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КММ басшысы

    Басшы

    Серғазин Серік Қалыбайұлы

    Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» ММ басшысы

    Нұрбеков Руслан Рашидұлы
    Бөлім басшысы

    Нұрбеков Руслан Рашидұлы

    Руководитель отдела туризма

    1989 жылғы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына түскен (күндізгі оқу нысаны, мамандығы — әскери іс / ұлттық қауіпсіздік және әскери іс, біліктілігі — ТЖӘҚ (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар) офицері, басқару саласындағы маман), ал 2014 жылы — Инновациялық Еуразия университетіне түскен (күндізгі оқу нысаны, мамандығы — құқықтану, біліктілігі — құқықтану бакалавры). Ант қабылданған күні: 2023 жылғы 20 қазан.