
Жұмабаев Асқар Қайратұлы
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы
Өмірбаян
1992 жылғы 30 қарашада Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында туған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 2012 жылы Талдықорған политехникалық колледжін «каржы» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «каржы» мамандығы бойынша, ал 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «өңірлік даму» мамандығы бойынша бітірген.
Өңірлік кадр резервінің мүшесі.
2012–2018 жылдары жеке секторда жұмыс істеді. Содан кейін еңбек жолын мемлекеттік қызмет саласында жалғастырды. Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Ұлттық статистика бюросы Қаратал ауданы статистика басқармасының жетекші маманы, Қаратал ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Жетісу облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің статистика бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болып жұмыс істеді. Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ менеджері қызметін атқарды.