
Ажмұрат Асқар Қадырұлы
Аққулы ауданының әкімі
Асқар Қадырұлы 1976 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар, 1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған.
Аққулы ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Аққулы ауданының әкімі
Асқар Қадырұлы 1976 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар, 1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған.

Аққулы ауданы әкімінің орынбасары
1979 жылы 30 қазанда Лебяжі ауылы Лебяжі ауданы Павлодар облысында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Әлеуметтік мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл
1981 жылы 2 қазанда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Орталық Азия университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірді.

Аққулы ауданы әкімінің аппарат басшысы
1997 жылғы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Құқық магистрі» дәрежесімен тәмамдаған. 2023 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша шет тілін меңгерген магистр біліктілігімен, 2025 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген. Өңірлік кадр резервінің мүшесі. Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Аққулы ауданының қаржы бөлімінің басқарушысы
1978 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 2013 жылы «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы және 2019 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару-Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Аққулы ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
1978 жылы 4 қаңтарда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Павлодар облысы білім басқармасының Аққулы Ауданының білім бөлімінің басшысы
1978 жылы 5 наурызда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжье ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1990 жылы "Биология және ауыл шаруашылығы негіздері мұғалімі" Павлодар педагогикалық институтын бітірді

Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
1988 жылы 23 маусымда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжье ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2016 жылы Қазақстандық инновациялық университетті "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірді.

Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
1973 жылы 10 қаңтарда Павлодар облысы Лебяжі ауданының Подпуск ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Аққулы ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы
1988 жылы 18 қазанда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шәмші ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2013 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы эконономикалық университеті «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Аққулы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
1985 жылы 18 ақпанда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және құқықтану», 2008 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қарым-қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Аққулы ауданы әкімі аппараты әкімшілік-қаржылық бөлімінің басшысы
1974 жылы 10 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы, қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады.

Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
1981 жылы 5 қарашада Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Майқарағай ауылында дүниеге келген. Білімі : жоғары, 2003 жылы Павлодар қаласының Қазақ гуманитарлық-заң университетін"Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Бөлім басшысы
1973 жылы 8 желтоқсанда Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келген. Білімі: жоғары, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Алим Бекболатович 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Кривинка ауылында дүниеге келген. Білімі: жоғары. 2013 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады.