
Лукпан Темирлан Тлеуханулы
Аққулы ауданы әкімінің аппарат басшысы
Өмірбаян
1997 жылғы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Құқық магистрі» дәрежесімен тәмамдаған.
2023 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша шет тілін меңгерген магистр біліктілігімен, 2025 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Өңірлік кадр резервінің мүшесі.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2017 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған. 2017–2024 жылдары мұнай-газ саласы мен өнеркәсіп саласында жұмыс істеп, басшылық және әкімшілік лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Мемлекеттік органдардағы еңбек жолын Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы қызметінен бастады. 2024 жылғы желтоқсан айынан бастап Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2026 жылғы ақпан айынан бастап Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


