Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ 2004 жылғы 23 желтоқсанда облыс әкімінің №187 қаулысымен құрылған. 2005 жылғы 13 қаңтарда заңды тұлға ретінде Алматы облысы әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында тіркеуден өткен. Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 29 маусым 2016 жылғы №339 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.