Париж қаласындағы (Француз Республикасы) ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі

    Тұрақты өкілдігі туралы

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) және Париждегі басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің ресми сайтына қош келдіңіз!

    Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды.

    Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі 1992 жылғы маусымда құрылды. 2001 жылғы қазаннан 2014 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңді қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшілігінің бөлігі ретінде жұмыс істеді.

    2023 жылғы тамызда Тұрақты өкілдік тәуелсіз дипломатиялық миссия ретінде қайта құрылды. Сонымен бірге оның міндеттері штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан барлық үкіметаралық ұйымдармен, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, Халықаралық көлік форумымен, Халықаралық энергетика агенттігімен, Халықаралық көрмелер бюросымен, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымымен және басқалармен өзара іс-қимыл мәселелерімен толықтырылды.

    Тұрақты өкілдіктің жұмысы Қазақстанның шет мемлекеттермен көпжақты форматта достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды қолдау жөніндегі сыртқы саяси стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасының Конституциясының толық мәтіні аудиоформатта қолжетімді

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты оның толық мәтінінің аудионұсқасын дайындады. Конституцияның толық аудионұсқасы төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=kk Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының аудионұсқасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/248246?lang=kk

    16 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Comic Con Astana 2026 ж. 6-9 тамыз

    Елордада 6-9 тамыз аралығында халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шараның хедлайнерлерінің бірі – британиялық әрі испандық актер Таз Скайлар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Актерге әлемдік танымалдық Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдағаннан кейін келді. Бұдан бөлек, Таз Скайлар режиссер Филип Барантинидің Boiling Point («Қайнау нүктесі») фильмі мен сериалында, Cleaner («Тазалаушы») экшн-триллерінде, The Kill Team («Өлім тобы») әскери драмасында және Agatha Raisin («Агата Рэйзин») детективтік-комедиялық сериалында ойнаған. Скайлар актерлікпен қатар сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етеді. Сонымен бірге экстремалды спорт түрлерімен белсенді айналысады. Фестиваль аясында ол басты сахнада жанкүйерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессияларға қатысады. Comic Con Astana 2026 аясында Қазақстанға халықаралық Silk Way Star телевизиялық вокал байқауында Оңтүстік Кореяның атынан өнер көрсеткен оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобы да келеді. Comic Con Astana – Орталық Азиядағы заманауи поп-мәдениетке арналған ең ірі фестиваль. Ол жыл сайын кино, сериал, аниме, комикс, бейнеойын және косплей жанкүйерлерін біріктіреді. Биыл фестиваль дәстүрлі түрде екі алаңда – Barys Arena мен «Алау» мұз сарайында өтеді. Бағдарламаның маңызды бөлігі саналатын халықаралық косплей байқауының жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Comic Con Astana фестивалінің билеттері comicconastana.kz ресми сайтында сатылымда. https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1261517?lang=kk

    3 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Басқа

    Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі

    Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі (2026 жылғы 8 қыркүйек) Біз, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Cыртқы істер министрлері (бұдан әрі – ОАЯҚАА туралы шарт), Семейде ОАЯҚАА туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай, адамзаттың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі ортақ мақсатына деген бейілдігімізді растай отырып және ядролық қаруды кез келген қолданудың немесе сынаудың апатты гуманитарлық салдарын сезіне отырып, ядролық қарудан азат аймақтарды құру ядролық қарудың таралуының алдын алудың және жаһандық қарусыздану процесін нығайтудың ең күшті әмбебап құралдарының бірі екенін атап көрсетіп, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда Орталық Азияда даму мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтіп, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясы алғаш рет Өзбекстан Республикасы тарапынан 1993 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 48-сессиясында ұсынылғанын еске сала отырып, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру өңір елдерінің күш-жігерін шоғырландырудың табысты үлгісі екеніне сенімді бола отырып және бұл ядролық қаруды таратпау режимі мен ядролық қарусыздану процесін, өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және радиоактивті ластанудан зардап шеккен аумақтарды экологиялық сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болғанын атап көрсетіп, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына отыз бес жыл толуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына отыз жыл толуын құптай отырып, сондай-ақ планетаның барлық өңірлеріндегі ядролық жарылыстар мен олардың салдарынан зардап шеккен көптеген құрбандардың рухына тағзым ете отырып, төмендегіні мәлімдейміз: 1. 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қол қойған өзінің тарихи маңызы зор ОАЯҚАА туралы шартқа деген бейілділігімізді тағы да растаймыз. Өңірде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылған Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі бола отырып, сондай-ақ Солтүстік жарты шарда толығымен орналасқан және ядролық қаруға ие екі мемлекетпен тікелей шектесетін алғашқы әрі жалғыз осындай аймақ болып қала отырып, Семей шарты жаһандық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, Орталық Азияның бір кездері ядролық қару белсенді түрде сыналған және орналастырылған өңірден ядролық қарусыздандыру жөніндегі жаһандық күш-жігер көшбасшыларының біріне айналуының символдық үлгісі ретінде қызмет етеді. 2. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) ядролық қарудың таралуын болдырмауға және түптеп келгенде оны толық жоюға бағытталған халықаралық күш-жігердің іргетасы ретіндегі шешуші рөлін растаймыз. Осыған байланысты ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Он бірінші шолу конференциясының мазмұнды қорытындылар қабылдамай аяқталғанына өкініш білдіреміз. Бұл ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сақталып отырған келіспеушіліктер мен сенім тапшылығын көрсетеді. ЯҚТШ-ның барлық қатысушыларын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш тірек – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді адал ниетпен жалғастыруға шақырамыз. 3. Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін шұғыл және бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер тұрғысында ЯҚТШ-ның 6-бабына сәйкес ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай ілгерілеудің болмауына, сондай-ақ ядролық арсеналдарды жаңғыртуға бағытталған алаңдатарлық үрдіспен ұштасқан қару-жарақты бақылау саласындағы негізгі келісімдердің қолданылуының тоқтатылуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл ретте ядролық қаруға ие мемлекеттердің ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді жүргізудегі ерекше жауапкершілігін атап өтеміз және ядролық қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында тексеруге болатын қару-жарақты бақылаудың жаңа тетіктерін шұғыл әзірлеуге шақырамыз. 4. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ЯҚТШ ережелерін іске асыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және Агенттікке мүше мемлекеттердегі ядролық бағдарламаларға кепілдіктер мен бақылауды қолдану жөніндегі қызметін міндетті түрде қолдайтынымызды мәлімдейміз. 5. 2026 жылғы 24 қыркүйекте қол қою үшін ашылғанына тура отыз жыл толатын Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) мүмкіндігінше тезірек күшіне ену қажеттігін нық қолдаймыз. Осыған байланысты ядролық сынақтар өткізуге қарсы халықаралық норманы сақтау және одан әрі нығайту қажеттігін атап өтеміз және осы норманы бұзуы мүмкін кез келген әрекеттерден қалыс қалуға шақырамыз. Қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша ақпараттандырудың бейбітшілік, сенім және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап көрсетеміз және жастарды қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тартудың ерекше маңыздылығын атап өтеміз. Қырғыз Республикасы бастамашылық еткен, жыл сайын 5 наурызда – ЯҚТШ күшіне енген күні символдық түрде атап өтілетін Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі ақпараттандырудың халықаралық күнін, сондай-ақ онымен байланысты өңірлік білім беру бастамаларын одан әрі ілгерілетуді қолдаймыз. Осыған байланысты БҰҰ-ның Қарусыздану және таратпау саласындағы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі зерттеуінде, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану саласындағы «Біздің ортақ болашағымызды қамтамасыз ету: қарусыздану саласындағы күн тәртібі» (Securing Our Common Future: An Agenda for Disarmament) атты күн тәртібінде қамтылған ұсынымдардың өзектілігін атап өтеміз. 6. 2014 жылғы 6 мамырда ядролық қаруға ие мемлекеттердің ОАЯҚАА туралы шартқа Теріс қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі хаттамаға қол қоюын және оның төрт ядролық держава тарапынан ратификациялануын құптаймыз және Америка Құрама Штаттарының Хаттаманы ратификациялау процесін мүмкіндігінше тезірек аяқтайтынына үміт білдіреміз. 7. Жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күш-жігерді біріктіру мақсатында ОАЯҚАА туралы шартты институционалдық дамытуға және ядролық қарудан азат қазіргі аймақтармен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіреміз. Осы тұрғыда Африканың атом энергиясы жөніндегі комиссиясымен (АФКОНЕ) және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттікпен (ОПАНАЛ) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуын, сондай-ақ 2024 жылғы 28–29 тамызда Астанада Қазақстанның төрағалығымен ядролық қарудан азат барлық қазіргі аймақтар өкілдерінің екінші кездесуінің өткізілуін оң бағалаймыз. 8. Орталық Азиядағы орнықты даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың жоғары маңыздылығын атап өтеміз, сондай-ақ ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бұдан әрі де тығыз өзара іс-қимыл жасау ниетімізді растаймыз. 9 Қазіргі уақытта ядролық қарудан азат аймақтар жоқ өңірлерде, соның ішінде Таяу Шығыста осындай жаңа аймақтарды құру жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз. 10. БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт» қарарының қабылдануын, сондай-ақ 2024 жылғы 5 желтоқсанда Түрікменстанның төрағалығымен Ашғабат қаласында Шартқа қатысушы мемлекеттердің ядролық қарудан азат басқа да қазіргі аймақтардың және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерейтойлық кеңестің өткізілуін құптаймыз.

    Жарияланды:
    Басқа

    Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған мақаласы

    Жарияланды: