Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасының ИранИсламРеспубликасындағы

    Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.

    1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды.

    2024 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Ирандағы Елшісі – Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев болып табылады.

    Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді.

    Елшіліктің негізгі міндеттері:

    - Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру;

    - Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    - Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

    - Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу;

    - консулдық қызмет;

    - өзге де міндеттер.

    Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған.

    Қазақстан Республикасының Елшілігі

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Астана 2024

    Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған. «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады. Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ». Толық ақпарат мына сілтемеде: https://worldnomadgames.kz/kz

    9 шілде 2024 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істерминистрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 9-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды. 2014жылдан бастап байқау қазақстандық болмыстың әртүрлі аспектілерін барынша креативті, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың жазба және бейне материалдарын іріктейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер сапалы контентті ұсынуда неғұрлым маңызды рөл аткаруда, сондықтан біз блогерлермен әлеуметтік платформалардың белсенді пайдаланушыларының Қазақстанға бірегей көзқарасымен бөлісуге қатысуын шын жүректен құптаймыз. Байқауға қатысуға 2023 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 1 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық (аналитикалық, мәдени-ойын-сауық, деректі жәнет.б.) материалдарды қамтитын өтініштер қабылданады. Жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларымен Маңғыстау облысына сапаршегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған. Биыл «KazakhTourism» ұлттықкомпаниясы» АҚ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығы, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі», Ұлттықспорт Қауымдастығы және «JibekJoly» Ұлттық телеарнасы байқаудың серіктестері атанды. Негізгі тақырыптан басқа осы жылы «KazAID» және Ұлттықспорт Қауымдастығы атынан жаңа номинациялар ұсынылады, олардың аясында екі жеңімпаз айқындалатын болады. Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады: – Солтүстік және Оңтүстік Америка; – Еуропа; – ТМД; – Таяу Шығыс және Африка; – Азия-Тынық мұхит өңірі және туризм, АӨСШК, «KazAID» пен ұлттық спорт түрлері тақырыптарына қатысты номинациялар бойынша төрт лауреат. Сонымен бірге, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады. Байқау жеңімпаздарының құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстанның Бас редакторларклубының, «KazakhTourism», АӨСШК, «KazAID», Ұлттық спорт Қауымдастығының, сондай-ақ«JibekJoly» телеарнасының басшылары мен жауапты қызметкерлері кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады. Барлықжұмыстар2024 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей [email protected] электронды поштасына жіберілуі тиіс. Байқау нәтижелерін 2024 жылғы 5 тамызға дейін жариялау жоспарлануда. Қосымша ақпарат алу үшін [email protected] поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

    9 шілде 2024 ж.Тікелей