Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
    Қызметкерлер

    Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

    Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    1968 жылы 24 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Первомайск ауылында дүниеге келген. Білімі : 1985 – 1993 жж.: Алматы шет тілдері педагогикалық институтын тәмамдаған. 1993 жылы осы институтта, ал кейінірек Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып ауысқан оқу орнында фонетика кафедрасында ағылшын тілінен сабақ берген. 1994 ж. – Пәкістан Ислам Республикасындағы Исламабад Сыртқы қызмет академиясында оқыды. 1995 ж. – Нидерланды Корольдігінің Гаага қаласындағы «Клингендаль» Халықаралық қатынастар институтында оқыды.