Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

    Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
    Посол

    Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

    Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1968 жылы 24 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Первомайск ауылында дүниеге келген.

    Білімі:

    1985 – 1993 жж.: Алматы шет тілдері педагогикалық институтын тәмамдаған.

    1993 жылы осы институтта, ал кейінірек Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып ауысқан оқу орнында фонетика кафедрасында ағылшын тілінен сабақ берген.

    1994 ж. – Пәкістан Ислам Республикасындағы Исламабад Сыртқы қызмет академиясында оқыды.

    1995 ж. – Нидерланды Корольдігінің Гаага қаласындағы «Клингендаль» Халықаралық қатынастар институтында оқыды.

    Дипломатиялық және қызметтік карьерасы:

    1993 ж. қараша - 1995 ж. қыркүйекте – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі;

    1995 ж. қазан- 2000 ж. қыркүйек – Қазақстанның Мажарстандағы (Болгария, Польша, Румыния, Чехия және Словакияда қосалқы аккредителген) Елшілігінің аташесі, үшінші және екінші хатшысы;

    2000-2002 жж. – ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Орталық және Шығыс Еуропа бөлімінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, бастығы;

    2002-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі (Нидерланд және Люксембургте қоса аккредиттелген) Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі;

    2007-2011 гг. – ҚР Парламент Сенаты аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

    2011 ж. қыркүйек - 2012 ж. қаңтар – ҚР Парламент Мәжілісі аппаратының Парламентаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі;

    2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (Франция) ;

    2018 – 2019 ж. наурыз. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;

    2019 ж. наурыз – қыркүйекте ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі ;

    2019 ж. қыркүйек – 2024 ж. наурыз. – Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;

    2020 қазан - 2024 ж. наурыз - Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (міндетін қоса атқарушы);

    2024 ж. сәуірден Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

    Меңгерген тілдері:

    Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген.

    Дипломатиялық ранг пен марапаттары:

    I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық рангы бар.

    «Құрмет» орденімен (2021), «Халық алғысы» медалімен (2020), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2008), Қазақстан Президентінің (2024), Парламент Сенаты Төрағасының (2007, 2011), Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мерейтойлық медальдерімен марапатталған. Кипр Республикасының «Жыл дипломаты» сыйлығының лауреты (2021).

    Отбасылық жағдайы:

    Үйленген, екі баласы, немересі бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері