
Тұматов Айдарбек Әнуарбекұлы
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1967 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (1993 ж.) Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2005 ж.). Араб, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Еңбек қызметі: 1993-2000 жж. – квазимемлекеттік, жеке меншік және мемлекеттік секторда түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған; 2000 жылы ҚР СІМ дипломатиялық қызметке ауысты; 2000-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы; 2004-2006 жылдары – ҚР СІМ Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің, Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы; 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығының бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі; 2007-2008 жылдары – ҚР СІМ Ақпараттық-талдау департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары; 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі; 2010-2011 жылдары – ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары; 2011-2019 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры; 2019-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2020-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2024 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.