Тұматов Айдарбек Әнуарбекұлы

    Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Тұматов Айдарбек Әнуарбекұлы
    Посол

    Тұматов Айдарбек Әнуарбекұлы

    Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1967 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (1993 ж.)

    Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2005 ж.).

    Араб, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

    Еңбек қызметі:

    1993-2000 жж. – квазимемлекеттік, жеке меншік және мемлекеттік секторда түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған;

    2000 жылы ҚР СІМ дипломатиялық қызметке ауысты;

    2000-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;

    2004-2006 жылдары – ҚР СІМ Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің, Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;

    2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығының бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі;

    2007-2008 жылдары – ҚР СІМ Ақпараттық-талдау департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары;

    2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі;

    2010-2011 жылдары – ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары;

    2011-2019 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры;

    2019-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    2020-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

    2024 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.