Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Ғалиев Жан Сержанұлы
    Елші

    Ғалиев Жан Сержанұлы

    Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    1972 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 1990-1994 жж.); Халықаралық қатынастар институты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Страсбург, Франция, 1994-1996 жж.); Францияның Премьер-министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық институты (Париж, 1997-1998 жж.); Адам құқықтары жөніндегі институт (Страсбург, 1998 ж.); Халықаралық құқық академиясы (Гаага, 1998 ж.); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (Астана, 2006 ж.). Дипломатиялық дәрежесі : І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2022 ж.) Шет тілдері : француз, ағылшын Отбасылық жағдайы : үйленген, екі ұлы бар.