Ғалиев Жан Сержанұлы

    Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Ғалиев Жан Сержанұлы
    Посол

    Ғалиев Жан Сержанұлы

    Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1972 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 1990-1994 жж.);

    Халықаралық қатынастар институты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Страсбург, Франция, 1994-1996 жж.);

    Францияның Премьер-министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық институты (Париж, 1997-1998 жж.);

    Адам құқықтары жөніндегі институт (Страсбург, 1998 ж.);

    Халықаралық құқық академиясы (Гаага, 1998 ж.);

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (Астана, 2006 ж.).

    Дипломатиялық дәрежесі: І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2022 ж.)

    Шет тілдері: француз, ағылшын

    Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұлы бар.

    1995 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің сарапшы-тілшісі.

    1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі директорының көмекшісі

    1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы

    2001-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (Париж)

    2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Батыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы

    2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Еуропа басқармасының басшысы

    2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігінің, Еуропалық одақ пен НАТО-дағы өкілдігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (Брюссель)

    2010-2016 жж. – Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі (Париж)

    2017 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық дипломатия бағытында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Сыртқы істер министрлігі Алқасының мүшесі

    2017-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы, Португал Республикасындағы (2018-2019 жж.) және Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі

    2022-2025 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы.

    2025 жылғы қаңтардан бері Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    Марапаттары:

    «Құрмет» ордені (2021 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің «Барыс» төсбелгісі бар Алғыс хаты, (2024 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2022 ж.), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталары (2007, 2013, 2016, 2023 жж.), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Алғыс хаты (2011, 2014 жж.), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 15 жыл» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл» (2012 ж.), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» (2022 ж.), «Астана 20 жыл» (2018 ж.), «ТҮРІКСОЙ 25 жыл» (2018 ж.) естелік медальдары, «Абайдың 175 жылдығы» ТҮРІКСОЙ медалі (2020 ж.), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2019 ж.), «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 30 жыл» медалі (2022 ж.), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының алғыс хаттары (2023, 2024 жж.).