Қазақстан Республикасының Дубай (БАӘ) қаласындағы Бас консулдығы

    Бас консулдық туралы

    Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнатылған. Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығы 1997 жылда ашылды. 2024 жылғы 19 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы А. Тасболат.

    Дубай қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының консулдық округіне БАӘ-нің 6 Әмірлігі кіреді:

    • Дубай
    • Шарджа
    • Аджман
    • Рас-Эль-Хайма
    • Эль-Фуджайра
    • Умм-Эль-Кайвайн

    Бас консулдықтың негізгі міндеттері:

    - БАӘ-де Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және консулдық функцияларды жүзеге асыру;

    - Қазақстан Республикасының азаматтарына консулдық-құқықтық консультациялар беру және қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті көмек көрсету, консулдық және мемлекеттік қызметтер көрсету (ҚР ұлттық паспортын ресімдеу, қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, ҚР азаматтары үшін консулдық есепке алу, ҚР азаматтары үшін құжаттарды талап ету, заңдық сипаттағы анықтамалар ҚР азаматтары үшін,ресімдеу, ҚР азаматтығынан айрылу, құжаттарды заңдастыру, нотариаттық іс-әрекеттер, туу туралы куәлікті, неке және некені бұзу туралы куәлікті ресімдеу және т. б)

    - Қазақстан Республикасы мен БАӘ-нің арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, Қазақстанның мемлекеттік органдарына, қоғамдық ұйымдарына және іскерлік топтардың өкілдеріне эмират серіктестерімен байланыстар орнатуға және қарым-қатынастарды дамытуға қолғабыс көрсету;;

    - БАӘ-де оқитын қазақстандық студенттердің өзара іс-қимылы және оларды үйлестіру;

    - Мәдени-гуманитарлық, білім беру, медициналық және басқа да салалардағы ынтымақтастық;

    - Бас консулдықтың негізгі қызметіне байланысты басқа да функцияларды орындау.