Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Әділбаев Жалғас Жұмаұлы
    Қызметкерлер

    Әділбаев Жалғас Жұмаұлы

    Қазақстанның Эфиопиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    ​​Жалғас Жұмаұлы Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі 1964 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1990 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдады, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық мансабын ҚР СІМ Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы лауазымынан бастады, ал 2000 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметін басқарды. Әр жылдары Қазақстанның Литвадағы және Аустриядағы елшіліктерінде кеңесші, кеңесші-уәкіл болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды. 2010 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Орталық аппаратында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші ретінде қызмет атқарды. 2015-2017 жылдар аралығында Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі лауазымын атқарды. 2019-2022 жылдары Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болды. Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы сәуірден бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын тілін меңгерген.