Байланыстар — Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі байланыс ақпараты: мекенжайлар, телефондар, электрондық пошта және басқа жарияланған байланыс тәсілдері.
Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:
Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді. Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн. Сенбі және жексенбі - демалыс күндері, сәрсенбі. Консулдық бөлім Қазақстан Республикасының мереке күндері жұмыс істемейді.
Консулдық мәселелер бойынша келушілерді қабылдау демалыс, мереке күндерін және сәрсенбі күніні қоспағанда, күн сайын алдын-ала жазылу бойынша сағат 09.00-13.00-ге дейін жүргізіледі.
Консулдық округке келесі елдер кіреді:
- Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы; 2. Джибути Республикасы; 3.Конго Демократиялық Республикасы; 4. Сомали Федеративтік Республикасы; 5. Сейшелдер Республикасы; 6. Гана Республикасы; 14. Эритрея Мемлекеті; Комор Аралдары Одағы.
Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық
Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі туралы мәліметтер
Азамат Қуанышқалиұлы Серік, Бірінші хатшы - консул
Тел.: +251-945-051-624
e-mail: [email protected], [email protected]
Өтініш беру және құжаттарды ресімдеу тәртібі:
- Консулдық қызметтерді алу үшін өтінішті және құжаттардың көшірмелерін (талаптарға сәйкес - https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/documents/details/adilet/V1600014531?lang=kk) [email protected]электрондық поштасына алдын-ала жолдау қажет.
- Құжаттардың талаптарға сәйкестігі туралы жауап алғаннан кейін, консулдық қызметкердің қабылдауына [email protected]электрондық поштасы арқылы жазылып, құжаттардың түпнұсқаларын жеке ұсыну және сұхбаттасудан өту қажет.
- Консулдық қызметкерден қабылдауды растайтыны туралы жауап алғаннан кейін, құжаттарды толтыру және сұхбаттан өту үшін көрсетілген күні консулдық бөлімге азаматтың жеке өзі келуі тиіс.
Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері 09.30-дан 12.00-ге дейін іске асады.
Өтініш берушілердің жеке қатысуы міндетті екендігіне назар аударамыз.
Құжаттарды қабылдау:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма 09.30-дан 12.00-ге дейін
Құжаттарды беру:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін
Консулдық алымдарды төлеу:
Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінің консулдық шотына мынадай деректемелер бойынша жасалуы тиіс: Kazakhstan Embassy Сonsular Fees, Account number: 1000143251253/. Барлық төлемдер АҚШ долларымен қабылданатынына назар аударамыз.
Эфиопияның Ұлттық мереке күндері жергілікті банктер жұмыс істемейтінін ескеруді сұраймыз: 1) 7 қаңтар, Эфиопияда Иса Пайғамбардың туған күні; 2) 19 қаңтар, Эфиопиядағы шоқыну мерекесі; 3) 2 наурыз, Эфиопиядағы Адуа шайқасындағы жеңіс күні; 4) 1 мамыр, Эфиопиядағы еңбек мерекесі; 5) 28 мамыр, Эфиопиядағы Дерг билігінің құлаған күні; 6) 11 қыркүйек, Энкутаташ — эфиопиялық Жаңа жыл; 7) 27 Қыркүйек, Эфиопиядағы Маулид ән-Наби (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келуі); 8) 28 қыркүйек, Шынайы кресттің ашылуы (Мескел); 9) 28 желтоқсан, Кулуби Габриэль — Эфиопиядағы Әулие Жәбірейіл күні.
ҚР азаматтарына арналған арнайы “жедел желі” (24/7)
+251 945 051 624, [email protected]
+251 116 67 33 54, [email protected]
Қазақстан Республикасының мереке күндері (жұмыс істемейтін күндер) |
1-2 қаңтар, Жаңа жыл (1 қаңтар демалыс күніне келсе 3 қаңтарға ауыстырылады) |
7 қаңтар, Рождество Христово мерекесі |
8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні |
21-23 наурыз, Наурыз мейрамы |
1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі |
7 мамыр, Отан қорғаушылар күні |
9 мамыр, Жеңіс күні |
6 шілде, Астана Күні |
30 тамыз, Қазақстан Республикасының Конституция Күні |
25 қазан, Республика күні |
16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні |
Шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визалық тәртібі https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/6764?directionId=3053&lang=ru
Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге арналған құжаттар тізімі:
1) көлемі 3.5х4.5 сантиметр түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуреті бар визалық сауалнама - 1 дана (өтініш басып шығарылуы және толтырылуы қажет);
2) визалық қолдау нөмірі бар Қазақстан Республикасынан шақырудың көшірмесі;
3) ҚР ІІМ шақыруының болуы талап етілмейтін виза алушылардың мынадай санаттарының қолдаухаты - 1 дана:
- мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары (виза алудың жеңілдетілген рәсімі бойынша) - “А3”, “В1”, “В3”, “В10” және “В12”;
- бұрынғы отандастарға (Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында Ұлттық паспортта, туу туралы куәлікте немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Неке қию туралы куәлігінде туған жері туралы бағанда тиісті белгісі болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтамасы болса - “В10”;
- шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар - “В4”, “В5”, “ В8”, “В10” (жерлеуге немесе туыстары/жақындары ауырған жағдайда, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе ата-аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне - бір мәртелік виза), “В13”, “С1”, “С2”, “С4” (бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін) және “С10”;
4) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспорты, түпнұсқасы және 1 көшірмесі (паспорттың қолданылу мерзімі сұрау салынған визаның қолданылу мерзімінен кемінде 3 айға асып тұруы тиіс. Паспортта кем дегенде бір бос бет болуы керек);
5) тұрақты тұру, іскерлік немесе инвесторлық мақсаттар бойынша ұзақ тұруға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға рұқсатты растайтын құжат, түпнұсқа және 1 көшірме;
6) 1-ші қосымшаға сәйкес виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар (сұралатын виза санатына байланысты) - мұнда қараңыз;
7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Визаны рәсімдеу үшін төленетін консулдық алымдар:
- бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визадан басқа) - 80 АҚШ доллары;
- көп мәртелік виза - (туристік және транзиттік визадан басқа) - 200 АҚШ доллары;
- туристік бір мәртелік виза - 60 АҚШ доллары;
- туристік көп мәртелік виза - 90 АҚШ доллары;
- транзиттік бір мәртелік виза - 20 АҚШ доллары;
- транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-шы бабының 7-ші тармағына сәйкес, төленген консулдық алым қайтарылуға жатпайтынына назар аударамыз.
Құжаттар азаматтардың жеке өзі (соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар) немесе өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қабылданады және беріледі.