Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы 2026 жылы 30 қыркүйекте сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі № 102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 09.30-дан бастап жүргізіледі. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 18/191–VIІI «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2026 жылы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 08.30-да басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. Аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы туралы. Е.Байрахметов - Үлкен Нарын ауданының әкімі. 2. 2026-2027 жылдардың жылыту маусымына дайындық барысы туралы. Б.Зайнолдинов - Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңының Үлкен Нарын ауданында іске асырылу барысы туралы. М.Магзиева - Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы. 4. Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы. Д.Веригин - тұрақты комиссияның төрағасы. 5. Әртүрлі мәселелер. Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 09.00-де Абылайхан көшесіндегі №116-үйде орналасқан аудандық «Әділет» партиясы филиалының ғимаратында өтеді. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағ.10.00-де Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылы 31 шілдеде сағат 11.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 08.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. Алтынбел, Үлкен Нарын ауылдық округтері әкімдерінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы. Н.Құрметов – Алтынбел ауылдық округінің әкімі Д.Маратбеков - Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі. 2. Үлкен Нарын ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы. Б.Бидахметов – Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары. 3. Үлкен Нарын ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын салу және қалпына келтіру туралы. Р.Ильясов – Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары. 4. Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы. Ж.Жанабаев - тұрақты комиссияның төрағасы. 5. Әртүрлі мәселелер. Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 08.30-да Абылайхан көшесіндегі №116-үйде орналасқан аудандық «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында өтеді. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 2026 жылғы 31 шілдеде сағ.09.30-да Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2026 жылы 10 шілдеде сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 09.30-дан бастап жүргізіледі. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 18/191–VIІI «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2.Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 4/23-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. 3. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24-VIII «Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 4. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы №8/69-VIII «Үлкен Нарын ауданының консультативтік-кеңесші комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 5. Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 6. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы №10/107-VІІІ «Үлкен Нарын ауданының әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 7. Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісу туралы. 8. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы. 9. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 19/201–VIII «2026-2028 жылдарға арналған Алтынбел ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 10. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 19/202–VIII «2026-2028 жылдарға арналған Новополяковка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 11. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 19/203–VIII «2026-2028 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 12. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №19/204-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Солдатово ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 13. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 19/205–VIII «2026-2028 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 14. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 19/206-VІІI «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ауданның аумақтық сайлау комиссиясының назарына

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 10,19-баптарына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты №845, №846, №848, №849, №857, №858, №860, №863 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына саяси партиялардан ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 10,19-баптарына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты №845, №846, №848, №849, №857, №858, №860, №863 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына саяси партиялардан ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 10,19-баптарына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты №845, №846, №848, №849, №857, №858, №860, №863 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына саяси партиялардан ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Құжаттарды жинауға жауапты адам аудан мәслихатының бас маманы А.Шағиева. Телефондар: 8-241-2-11-39, 2-91-69, факс 2-91-56. Мекен жайымыз: Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, №116 үй, «Amanat» партиясының ғимараты. Жанар Сыдыкова Аудан мәслихатының төрағасы Аудан мәслихатының төрағасы

    21 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы 2026 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы 2026 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, АблайханҮлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы 2026 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 08.00-де басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы: 1. 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы:туралы жылдық есепті бекіту туралы: 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы баяндама. 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданының ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы. 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданының ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы.2025 жылғы Үлкен Нарын ауданының ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы баяндама. 2. Үлкен Нарын ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы. 3. Әртүрлі мәселелер. Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 08.30-да Абылайхан көшесіндегі №116-үйде орналасқан аудандық «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында өтеді. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 2026 жылғы 17 сәуірде сағ.09.00-де Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.

    7 сәуір 2026 ж.Тікелей