
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2026 жылы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 08.30-да басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы туралы.
Е.Байрахметов - Үлкен Нарын ауданының әкімі.
2. 2026-2027 жылдардың жылыту маусымына дайындық барысы туралы.
Б.Зайнолдинов - Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңының Үлкен Нарын ауданында іске асырылу барысы туралы.
М.Магзиева - Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы.
4. Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Д.Веригин - тұрақты комиссияның төрағасы.
5. Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 09.00-де Абылайхан көшесіндегі №116-үйде орналасқан аудандық «Әділет» партиясы филиалының ғимаратында өтеді.
Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағ.10.00-де Аблайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.