Қызметкерлер — Отырар аудандық мәслихат аппараты

    Отырар аудандық мәслихат аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Ұзақов Уалихан Жамалханұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Ұзақов Уалихан Жамалханұлы

    Отырар аудандық мәслихатының төрағасы

    Түркістан облысы Отырар ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. 1985 – 1991 ж.ж Ал­маты халық шаруашылығы институтын "Экономист" мамандығы бойынша бітір­ген. Еңбек өтілі 34 жыл.Отырар ауданының «Құрметті аза­маты», «Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және "Қаржы және кірістер саласының үздігі" төсбелгілерімен марапатталған.

    Басқа қызметкерлер

    29
    Куртаев Адилжан Сейтжанович
    Мәслихат депутат

    Куртаев Адилжан Сейтжанович

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бухгалтерлік есеп-экономист, 1981 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Еңбек өтілі 40 жыл. «Жансая» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етуде, Отырар аудандық маслихатының ІV, VІ ,VІІ және VIII шақырылымының депутаты.

    Әбилахан Серік Мүтәлханұлы
    Мәслихат депутат

    Әбилахан Серік Мүтәлханұлы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан Облысы Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Шымкент бөлімшесіне «Экономика» мамандығын бітірген. 2020 жылдан бері жеке шаруашылығы «Асыл тұқымды сиыр» статусын алып, нақты Аққұм және Қарғалы ауыл округтеріне қарасты аумақта жүргізілуде.

    Акинбеков Бекман Абдрашитулы
    Мәслихат депутат

    Акинбеков Бекман Абдрашитулы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «тарих» мамандығы бойынша және 2013 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген.2013 жылдан бері «Әділ-Дос» ЖШС-ның директоры.

    Молдалы Алтай Тузелбайулы
    Мәслихат депутат

    Молдалы Алтай Тузелбайулы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы, Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Халықаралық мамандар институтында экономика мамандығын бітірген.Еңбек өтілі 34 жыл.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекекелік медалымен және аудан, ауыл әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.Жеке кәсіпкер.

    Айдаркулов Туребек Айдаркулович
    Мәслихат депутат

    Айдаркулов Туребек Айдаркулович

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан Облысы Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауы­­лында туған.Білімі - жоғары. 1979 жылы Қазақ химия-тех­нологиялық институтын «құрылыс- ин­женері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 38 жыл. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіз­дігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіз­дігіне 25 жыл» мерекелік медальда­рымен, «Кәсіп­одаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

    Пәзілбек Болат Райқұлұлы
    Мәслихат депутат

    Пәзілбек Болат Райқұлұлы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан Облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, дене шынықтыру мәдениеті және спорт мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 27 жыл. 1995 жылы наурыз айынан бастап Қ.Мұңайтпасов атындағы балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінен жаттықтырушы, дзюдо күресінен аға жаттықтырушы. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскері болып қызмет етеді.

    Есжанов Мухтар Есиркепович
    Мәслихат депутат

    Есжанов Мухтар Есиркепович

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Маякум ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1991 жылы-КСРО құқық академиясы. Мамандығы-заңгер.

    Тукеев Бекзат Аманшаевич
    Мәслихат депутат

    Тукеев Бекзат Аманшаевич

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы Отырар ауданы, Арыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005-2009жж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Жеке кәсіпкер.

    Ерубай Мақсат Қошқарбайұлы
    Мәслихат депутат

    Ерубай Мақсат Қошқарбайұлы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан Облысы Отырар ауданы Көкмардан ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары.1999 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қаржы және экономика мамандығын бітірген. Еңбек өтілі 19 жыл.Отырар аудандық білім бөлімінде бас үнемдеуші қызметін атқарып келеді.

    Амзеев Ардак Нажмидинулы
    Мәслихат депутат

    Амзеев Ардак Нажмидинулы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2005 ж.ж. ара­лығында Шымкент агротехникалық коллед­жінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, 2017-2019 ж.ж. аралығында «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы» университетінде "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.Еңбек өтілі 26 жыл.«Елеулі еңбегі үшін», «Үздік қызметкер» төсбелгілермен марапатталған.

    Асан Аралбай Дүйсенбайұлы
    Мәслихат депутат

    Асан Аралбай Дүйсенбайұлы

    Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994-1997 жыл­дары №20 Шәуілдір орта кәсіптік-техникалық мектепті суретші-безендіруші, 2004-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Мем­лекеттік және жергілікті басқару» факультетінің мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы.Еңбек өтілі 25 жыл. «Керемет» сауда, ойын-сауық орталығының төрағасы. 2016-2021 жылдары Отырар аудандық мәс­лихатының ҮІ шақырылым депутаты, 2021-2023 жылдары ҮІІ-ҮІІІ шақырылым депутаты.

    Орынбасар Нуржан Орынбасарулы
    Мәслихат депутат

    Орынбасар Нуржан Орынбасарулы

    Отырар аудандық мәслихатының депутаты

    Түркістан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. 2006-2010 ж.ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде тарих мамандығы бойынша және 2012-2014 ж.ж құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Отырар аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып бастап, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінде, аудан әкімі аппаратында қызмет атқарды.2019 жылдан қазіргі таңға дейін «Шаншар» өндірістік кооперативінің төрағасы.