
Өмірбаян
Түркістан Облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, дене шынықтыру мәдениеті және спорт мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 27 жыл. 1995 жылы наурыз айынан бастап Қ.Мұңайтпасов атындағы балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінен жаттықтырушы, дзюдо күресінен аға жаттықтырушы. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскері болып қызмет етеді.





