Қорғалжын ауданының мәслихаты
«Қорғалжын аудандық мәслихат аппараты» ММ-сі 2003 жылы құрылды.
Мәслихат аппаратында 5 мемлекеттік қызметші бар, олардың барлығы жоғары білімді. Аппарат басшысы Тусупова Қарашаш Сайранқызы.
Қорғалжын аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының төрағасы болып Рыспаев Берік Оралбайұлы сайланды.
Аудандық мәслихатта осы шақырылымда 10 депутат бар. Олардың 7-і ерлер, 3-і әйелдер. 7 депутат жоғары білімді, оның ішінде 2 -і мұғалім, 2-і заңгер, 2-і экономист, 1-і орман шаруашылығы, 1-і арнайы орта, 2- і орта білімді.
Халық қалаулылары арасында екі шақырылымда(VІI,VIIІ) депутат болған азаматтар да бар. Олар: А. В. Зулханов, М. С. Амангельдинов, Б. О. Рыспаев, Ж. М. Шопанова.
Ең жас депутат Шопанова Жанар Мейрембаевна.
Аудандық мәслихат бекітілген жоспары бойынша әр тоқсан сайын кезекті сессия өткізеді. Қажет кезінде кезектен тыс сессиялар шақырылады.
Сол сияқты мәслихатта депутаттардан құралған екі тұрақты комиссия жұмыс істейді.
Жаңалықтар
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 1/54 шешімі
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 2/54 шешімі
Қорғалжын аудандық мәслихатының Қорғалжын ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы
Қорғалжын аудандық мәслихатының Қорғалжын аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы
АшуМәслихат ақпараты
Хабарландыру
Құжаттар
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 6/17 «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қорғалжын аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 24 мамырдағы № 6/17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8758-03 болып тіркелген) шешіміне өзгерістер енгізу туралы: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»; көрсетілген шешімнің қосымшада айқындалған Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. «Қорғалжын аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қорғалжын аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев