Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 6/17 «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қорғалжын ауданының мәслихаты

    Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 24 мамырдағы № 6/17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8758-03 болып тіркелген) шешіміне өзгерістер енгізу туралы:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;

    көрсетілген шешімнің қосымшада айқындалған Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. «Қорғалжын аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қорғалжын аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Рыспаев

    Жүктеу
    c24a687a0a53aa15edca4194d710274b_original.131095.docx
    DOCX · 128 КБ
    Жүктеу
    b088aac8bba7fbc47a586105084a609b_original.22688.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу