Қызметкерлер — Балқаш қалалық мәслихаты

    Балқаш қалалық мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Муслымов Ахат Кадирович
    Мәслихатының төрағасы

    Муслымов Ахат Кадирович

    Балқаш қаласының мәслихат төрағасы

    Мүслімов Ахат Кәдірұлы Қазақ ұлттық техникалық университетін “инженер- механик” мамандығы бойынша аяқтаған. Өз еңбек жолын 1992 жылы Қоңырат кенішіндегі автокөлік цехында механик болып бастады. Балқаш кен металлургия комбинатының материалды-техникалық жабдықтау бөлімінде инженер – экономист мамандығы бойынша жұмыс істеді, 1998-2001 жылдар аралығында Балқаш кен байыту фабрикасында бас инженердің орынбасары, содан кейін директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 2001-2003 жылдар аралығында материалдық-техникалық жабдықтау басқармасында экономист болып жұмыс істеді. 2003 жылдан қазірге дейін кабельдік теледидарды таратушы ЖШС “Алтын-Арна” директоры, сонымен қатар «Балқаш қаласы кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер одағы» заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы. Ахат Кәдірұлы кәсіпкерлер одағының төрағасы ретінде Балқаш өңіріндегі кіші, орта бизнестердің дамуына атсалысуда. Өз қаласының патриоты ретінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында "Қауіпсіз қала" жобасы бойынша қаланың барлық аудандарында бейнебақылау құрылғыларын орнатып, Балқаш қаласындағы тәртіптің сақталуы жолында баға жетпес үлес қосуда. Сонымен қатар, Балқаш қалалық маслихатының V және VII-шақырылым депутаттығы қызметінің аясында қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады. Жастар фестивальдерін өткізуге, спорттық шараларға, мүгедек балаларға, үкіметтік емес ұйымдарға әр түрлі демеушілік көмек көрсетеді. Қаладағы Ұлы Отан соғысының, ауған соғысының ардагерлеріне кабельдік телеарна желісін көруге тегін қызмет көрсетуді енгізді. Балқаш қаласы телеарнасының жұмысын жандандырып, ел тұрмысы мен бүгінгі тынысы жайында жаңалықтарды, әр түрлі бағдарламаларды сәтті түрде таратып, мемлекетіміздің саясатын халыққа жеткізуде ерен еңбек етуде.

    Басқа қызметкерлер

    17
    Бекишев Ермек Сембекович
    Мәслихат депутат

    Бекишев Ермек Сембекович

    Балқаш қалалық мәслихатының №1 округ депутаты

    БЕКИШЕВ ЕРМЕК СЕМБЕКОВИЧ Балқаш қаласындағы "Tranco Express" ЖШС филиалының директоры 1983 жылғы 14 қазан Жезқазған облысы, Приозерск қаласында туған. 21.05.2019 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ бітірген. Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар

    Шафикова Кристина Валериевна
    Мәслихат депутат

    Шафикова Кристина Валериевна

    Балқаш қалалық мәслихатының №4 округ депутаты

    Шафикова Кристина Валериевна 12.05.1990ж Омбы гуманитарлық академиясын бітірген. Мамандығы: Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі

    Шайкенова Гульнара Турганбековна
    Мәслихат депутат

    Шайкенова Гульнара Турганбековна

    Балқаш қалалық мәслихатының №7 округ депутаты

    Шайкенова Гульнара Турганбековна 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне оқуға түсті 2004 жылдан бастап №15 мектеп-лицейінің, №7 орта мектеп-гимназиясының, Балқаш қаласының Оқушылар сарайының ата-аналар комитетінің төрайымы ретінде қызмет атқарады. 2016-2019 жылдары Италия мен Қазақстан арасындағы халықаралық ата-аналар комитетінің төрайымы болып, талантты балаларға ірі шетелдік сахналарда өнер көрсетулеріне ықпал етті.

    Муслымов Ахат Кадирович
    Мәслихат депутат

    Муслымов Ахат Кадирович

    Балқаш қалалық мәслихатының №9 округ депутаты

    Муслымов Ахат Кадирович Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қоңырат кенішінің автокөлік цехында механик болып бастаған. Балқаш тау-кен металлургия комбинатының материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінде инженер-экономист, 1998 жылдан 2001 жылға дейін байыту фабрикасында бас инженердің гидротехникалық құрылыстар жөніндегі орынбасары, директордың орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін материалдық-техникалық жабдықтау басқармасында экономист лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Алтын Арна" кабельдік телевидениесінің директоры, "Балқаш қаласының кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағы"заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы.

    Аглюкова Александра Александровна
    Мәслихат депутат

    Аглюкова Александра Александровна

    Балқаш қалалық мәслихатының №12 округ депутаты

    Александра Аглюкова 09.01.1982ж Балқаш РФ директоры, Халық банкі АҚ, Балқаш Білімі: 2017 ж. Бакалавр, Қарағанды мемлекеттік университеті. Бөкетова, факультет, Қарағанды, "Экономика" факультеті, "Қаржы" мамандығы 2002 ж. Бакалавр, Жезқазған университеті. Байқоңырова,, Жезқазған, "физика-математика" факультеті, "Математика" мамандығы