Қызметкерлер — Қамысты аудандық мәслихатының аппараты

    Қамысты аудандық мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Искаков Нурлан Орманбекович
    Мәслихатының төрағасы

    Искаков Нурлан Орманбекович

    Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы

    Искаков Нурлан Орманбекович 1980 жылы 12 мамырда Қостанай облысы Жітіқара қаласында туған. Білімі жоғары, 2001 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Искаков Нурлан Орманбекович 2023 жылдың наурыз айынан бастап аудандық мәслихаттың төрағасы болып жұмыс істейді, аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Акбаев Болат Жолдасбаевич
    Аппарат басшысы

    Акбаев Болат Жолдасбаевич

    Қамысты аудандық мәслихатының аппараты ММ басшысы

    Акбаев Болат Жолдасбаевич 1979 жылы 24 қаңтарда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Прогресс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын, 2008 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтаған.

    Басқа қызметкерлер

    18
    Алиев Мурат Абдряшитович
    Мәслихат депутат

    Алиев Мурат Абдряшитович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Алиев Мурат Абдряшитович 1961 жылы 17 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысы Чапаев ауданы Анката ауылында туған. Білімі жоғары, 1983 жылы Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Алиев Мурат Абдряшитович 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап «Алиев» шаруа қожалығының басшысы, Қамысты аудандық мәслихатының 4,5,6,7 шақырылымының депутаты.

    Князев Павел Борисович
    Мәслихат депутат

    Князев Павел Борисович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1980 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2020 жылы Т.С.Мальцев атындағы Қорған мемлекеттік ауылшаруашылық академиясын бітірген. Князев Павел Борисович 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Алтынсарино» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі босатылған орынбасары болып жұмыс істейді, аудандық мәслихаттың 6, 7 шақырылымының депутаты.

    Жаканова Асем Маликовна
    Бас маман

    Жаканова Асем Маликовна

    Қамысты аудандық мәслихатының ұйымдастыру - құқықтық бөлімінің басшысы

    1980 жылы 27 қазанда Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында туған. Білімі жоғары, 2001 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

    Тулебаева Сауле Алимхановна
    Мәслихат депутат

    Тулебаева Сауле Алимхановна

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1964 жылы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1987 жылы Қостанай педагогикалық институтын, 2005 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Тулебаева Сауле Алимхановна Краснооктябрь орта мектебінің директоры болып жұмыс істейді, аудандық мәслихаттың 4, 5, 6, 7 шақырылымының депутаты.

    Каримова Улбекен Сагандыковна
    Бас маман

    Каримова Улбекен Сагандыковна

    Қамысты аудандық мәслихатының бас маманы

    1973 жылы 3 қаңтарда Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылында туған. Білімі орта кәсіби, 1995 жылы Қостанай кооперативтік техникумді бітірген.

    Куламбаева Айкун Сандыбековна
    Мәслихат депутат

    Куламбаева Айкун Сандыбековна

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Куламбаева Айкун Сандыбековна 30.07.1967 жылы Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1990-1991 жылдар аралығында Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасында интернатурадан өтті. Куламбаева Айкун Сандыбековна Қамысты орталық аудандық ауруханасында дәрігер-офтальмолог болып жұмыс істейді, Аудандық аурухана кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың 1 ,6, 7 шақырылымының депутаты.

    Нуркатова Алия Тюмергалиевна
    Бас маман

    Нуркатова Алия Тюмергалиевна

    Қамысты аудандық мәслихатының бас маманы

    Нуркатова Алия Тюмергалиевна 1981 жылы 10 қазанда Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында туған. Білімі жоғары, 2006 жылы Қостанай әлеуметтік техникалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітірген.

    Серикбаев Данат Сапарович
    Мәслихат депутат

    Серикбаев Данат Сапарович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1989 жылы 23 мамырда Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Серикбаев Данат Сапарович 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қамысты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді, Қамысты аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

    Кушкинбаев Сакен Коныспаевич
    Мәслихат депутат

    Кушкинбаев Сакен Коныспаевич

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1986 жылы 01 тамызда Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Клочково ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Кушкинбаев Сакен Коныспаевич 2019 жылдың маусым айынан бастап жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді, Қамысты аудандық мәслихатының 7-ші шақырылымының депутаты.

    Шестериков Владимир Иннокентьевич
    Мәслихат депутат

    Шестериков Владимир Иннокентьевич

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    08.10.1972 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Рудный индустриалдық институтын бітірген. Шестериков Владимир Иннокентьевич 1996 жылдың қазан айынан бастап «Канон» шаруа қожалығының меңгерушісі, Қамысты аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

    Кунигенас Владислав Валерьевич
    Мәслихат депутат

    Кунигенас Владислав Валерьевич

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1991 жылы 27 қыркүйекте Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2013 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, 2014 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін, 2017 жылы Челябі мемлекеттік университетін бітірген. Кунигенас Владислав Валерьевич 2013 жылдың тамыз айынан бастап «Содружество – 98» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет етеді, Қамысты аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

    Ахметжанов Мирас Аскарович
    Мәслихат депутат

    Ахметжанов Мирас Аскарович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    1985 жылы 17 тамызда Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Ахметжанов Мирас Аскарович 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ақкөл» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істейді, Қамысты аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

    Акбасова Роза Сейлхановна
    Мәслихат депутат

    Акбасова Роза Сейлхановна

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Акбасова Роза Сейлхановна 1971 жылы 8 қаңтарда Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамышное ауылында туған. Білімі арнайы орта, 1992 жылы Алматыдағы кеңес сауда техникумын бітірген. Акбасова Роза Сейлхановна 2005 жылдың ақпан айынан бастап жеке кәсіпкер. Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Оруджов Намик Иман
    Мәслихат депутат

    Оруджов Намик Иман

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Оруджов Намик Иман оглы 1982 жылы 27 қыркүйекте Грузия Республикасы Дианис ауданы Дианисси ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 2018 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Оруджов Намик Иман Оглы 2020 жылдың қыркүйегінен бастап « Қамысты ауданы білім бөлімінің № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры . Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Нугманова Дина Сериковна
    Мәслихат депутат

    Нугманова Дина Сериковна

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Нугманова Дина Сериковна 2000 жылы 28 мамырда Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылында туған. Білімі жоғары, 2021 жылы журналистика мамындығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін бітірген. Нугманова Дина Сериковна 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Қамысты жаңалықтар – Камыстинские новости» қоғамдық газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы. Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Беляев Юрий Сергеевич
    Мәслихат депутат

    Беляев Юрий Сергеевич

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Беляев Юрий Сергеевич 1985 жылы 17 қарашада Қостанай облысы Урицкий ауданы Барвиновка ауылында туған. Білімі арнайы орта, 2015 жылы «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК бітірген. Беляев Юрий Сергеевич 2018 жылғы мауысмнан бастап «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ, КБКБ теміржол цехі станциясының бастығы Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Амангелді Асқар Абатұлы
    Мәслихат депутат

    Амангелді Асқар Абатұлы

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Амангелді Асқар Абатұлы 1994 жылы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұрт ауылында туған. Білімі жоғары, 2016 жылы Қостанай мемлекеттік педагокилық институтын, 2022 жылы М.Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. Амангелді Асқар Абатұлы 2016 жылғы қырқүйек айынан бастап «Қарабатыр жалпы білім беру мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі. Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты.

    Байжан Асылхан Асылбекұлы
    Мәслихат депутат

    Байжан Асылхан Асылбекұлы

    Депутат Камыстинского районного маслихата

    Өмірбаян Байжан Асылхан Асылбекұлы 2002 жылы 16 сәуірде Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. Білімі арнайы орта, 2023 жылы Рудный музыкалық колледжін аяқтаған. Байжан Асылхан Асылбекұлы 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы Қамысты ауданы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КММ мұғалімі. Аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының депутаты. Еңбек жолы: 2023 жылдың қырқүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін –Қамысты ауданы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КММ мұғалімі.