Серикбаев Данат Сапарович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Серикбаев Данат Сапарович
    Депутат маслихата

    Серикбаев Данат Сапарович

    Қамысты аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1989 жылы 23 мамырда Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

    Серикбаев Данат Сапарович 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қамысты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді, Қамысты аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

    2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы қаңтарға дейін – «Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

    2013 жылғы қаңтардан 2013 жылғы тамызға дейін – «Қамысты ауданы бойынша салық басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы;

    2013 жылғы тамыздан 2013 жылғы қазанға дейін – «Қамысты ауданы бойынша салық басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы;

    2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Қамысты ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы.

    2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін – «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қамысты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері