Әулиекөл ауданының мәслихаты

    Маслихат туралы

    Мәслихат - халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.

    Толығырақ... Толығырақ... Толығырақ... Толығырақ... Толығырақ... Толығырақ...

    Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда, тұрақты комиссиялар мен өзге де органдар, мәслихат депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелер мәслихат сессиясында бекітілген мәслихат регламентінде айқындалады. VII шақырылған Әулиекөл аудандық мәслихатының құрамына партиялық тізімдер бойынша 12 депутат сайланды. Депутаттар қатарында ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің, білім беру, денсаулық сақтау, теміржол көлігі, жастар ресурстық орталығының өкілдері және тілші бар.

    Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты-тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме, мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

    Ережені Жүктеу

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Әулиекөл аудандық мәслихаты № 1, № 2, № 3, №3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 9, № 10, № 12 округтік сайлау комиссияларының және № 275 сайлау учаскесі бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған мүшелерінің орнына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Ұсыныстар саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден хабарлама жарияланғаннан кейін 15 күн мерзімінде қабылданады. Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі 44., №18 кабинет, телефон 8(71453) 22-1-41, электрондық пошта мекенжайы: aul [email protected]. Әулиекөл аудандық мәслихаттыңтөрағасыД. Қойшыбаев

    Жарияланды: