23 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Әулиекөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

    23 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Әулиекөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

    23 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Әулиекөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда депутаттар бірқатар мәселелерді талқылады.

    Бірлескен отырыста Чернигов, Қазанбас және Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Бұдан кейін Әулиекөл ауданының Мансап орталығының басшысы Б.С. Жақсылықованың «Мемлекеттік секторда және бизнесте халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру бойынша квоталардың орындалуы туралы», сондай-ақ Әулиекөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Т.С. Бегісбаевтың «Әулиекөл ауданы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы» ақпараттары тыңдалды.

    Қаралған барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары талқылауға белсенді қатысып, баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді. Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар тиісті ұсынымдар қабылдады.

    Ұқсас материалдар

    "Әулиекөл ауданының мәслихаты" жаңалықтары