Астрахан ауданының мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    АСТРАХАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11.00-де Астрахан аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын. Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі. 2. Басқа да мәселелер. Астрахан аудандық мәслихаты төрағасы М. Қожахмет

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АСТРАХАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН

    АСТРАХАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 11:00-де Астрахан аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын. Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1.Астрахан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы. Басқа да мәселелер. Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М. Қожахмет

    17 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Ереже

    «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    Астрахан аудандық мәслихаты сессиясының 23.09.2026 жылғы № 8С-57-3 шешіміне қосымша «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Астрахан аудандық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді. 2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. 3. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астрахан аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен, Астрахан аудандық мәслихаты аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл - Фараби көшесі, 50. 10. Осы Ереже «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 11. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері 13. Міндеттері: 1) аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету; 2) аудандық мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету; 3) мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету; 4) аудандық мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және шаруашылық қызметін жүргізу; 5) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді, сондай ақ сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұратуға; аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге сұрау салулар жіберуге; аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдері мен қаралу нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыруға; 2) міндеттері: өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етуге; аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге; мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге. 15. Функциялары: 1) мәслихат жұмысының жоспарлануын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: отырыстар кестесін қалыптастыру, сессияларға қатысушыларды уақтылы хабардар ету және мәслихаттың жұмыс топтары мен тұрақты комиссияларының қызметін үйлестіру; 2) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау; 3) құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын хаттамалау, аудио-бейнетіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату; 4) мәслихат шешімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу; 5) қабылданған нормативтік шешімдерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жолдауды қамтамасыз ету; 6) шешімдер жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету; 7) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оның аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау; 8) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларын әзірлеуге бақылау жүргізу; 9) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру; 10) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау; 11) сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңда белгіленген рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, кандидаттардың сайлау заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру; 12) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсының өзектендірілуін қамтамасыз ету; 13) мәслихат төрағасы мен депутаттардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын есепке алуды, тіркеуді және қаралуын бақылауды жүзеге асыру; 14) депутаттарға сайлау округтері тұрғындары алдында міндетті жария есептерін дайындауға және өткізуге жәрдем көрсету; 15) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету; 16) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру; 17) мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; 18) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру; 19) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету; 20) аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету; 21) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16. «Астраханаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Астраханаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. «Астраханаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы – мәслихат аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ. 19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері: 1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі 20. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 21. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 23. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Решения Астраханского районного маслихата 57 очередной сессии

    Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты сессияның мынадай күн тәртібін бекіту туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Астрахан аудандық мәслихатының сессиясының күн тәртібі туралы. 2. Астраханауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндет орындалуы туралы есебі. 3. «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттікмекемесі туралы Ережен бекіту. 4. Астрахан аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы. Астрахан аудандық мәслихатының төрағасыМ.Қожахмет

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының ауданның сайлау комиссиялары құрамындағы бос жұмыс орындары туралы хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Астрахан аудандық мәслихаты аумақтық комиссияның, учаскелік комиссияларының және округтік сайлау комиссияның құрамындағы бос орындардың бары туралы хабарлайды: АСК – 1 УСК - № 169-1; № 190 -1; № 197 – 1; № 194 -1; №196 -1. ОСК - 2 Сайлау комиссияның құрамында барлығы 8 (сегіз) бос орын бар. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының саяси партияларынан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерінен және бос орындары бар жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар 2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанғадейін Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 мекенжайы бойынша қабылданады. Жауапты тұлға – Киякова Г.У, қалааралық телефон коды (871641), қызметтік телефоны: 2-28-96, ұялы телефоны: 8(778-388-05-74), электрондық поштасының мекенжайы:[email protected]. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, бос орындары бар учаскелік сайлау комиссияларына қатысты 2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанға дейін(қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады: сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер; саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді; саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі; кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері көрсетілуі тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанға дейін(қоса алғанда), дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:30-ден 18:00-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Ауданның қоғамдық кеңесінің құрамында бос орынға орналасуға қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру.

    Астрахан аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңес мүшесінің бос орнына байланысты конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м. а. 2025 жылғы 26 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады: 1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және (немесе) жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы; 2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер; 3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама; 4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама; 5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді. Коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасынан Жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 14 бен 07 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Құжаттар "Астрахан аудандық мәслихатының аппараты" ММ-не Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, 20-кабинет мекенжайы бойынша ұсынылады немесе электрондық поштаға жіберіледі: [email protected] Жұмыс режимі: "Астрахан аудандық мәслихатының аппараты" ММ, сағат 08.30 - дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс-сенбі, жексенбі. Анықтама телефоны: 8 (71641) 2-24-34.

    Жарияланды:
    Хаттама

    ПРОТОКОЛ заседания Общественного совета от 24.08.2026 г.

    Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының № 4 хаттамасы Астраханка ауылы 27 тамыз 2026 жыл, сағат 10:00 Әкімдіктің үлкен залы Төраға: В.В. Галинов Қоғамдық кеңестің құрметті мүшелері және шақырылған қонақтар! Бүгін біз Қоғамдық кеңестің отырысын өткізіп отырмыз; отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылған қонақтар қатысуда. Бүгінгі отырыста қарауға келесі мәселелер ұсынылады: Күн тәртібі: «Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларды жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы». Баяндамашы: Астрахан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Төлегенқызы Милибаева. «Жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» баяндама. Төраға: Күн тәртібіне қатысты сұрақтар немесе басқа да ұсыныстар бар ма? Егер болмаса, қарастырылатын мәселелерге көшейік. Енді күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз кезегін Астрахань аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Төлегенқызы Милибаеваға беремін. Милибаева А.Т.: Төраға: Баяндама аяқталды. Баяндамашыға сұрақтар бар ма? Милибаева А.Т.: Е.Н. Кантемированың сұрағы: Неліктен егде жастағы науқастарға физиотерапиялық емдеу шаралары көрсетілмейді? А.Т. Милибаеваның жауабы: Аудандық дәрігер бар; науқастар оған жүгіне алады, ал ол емделуге жолдама береді. А.В. Плотниковаға қойылған сұрақтар: 1. Бөлімшедегі дәретханалар неге мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген? Бірінші қабатқа баруға тура келеді, бұл қолайсыздық тудырады. 2. Дәрігерлер кабинеттерінің есіктерінде Брайль қарпімен жазылған белгілер жоқ. 3. Егер тағайындалған аналог қажетті емдік әсер бермесе немесе жағымсыз реакциялар тудырса емделушінің емдеуші дәрігерден басқа дәрі жазып беруді сұрауға құқығы бар ма? А.Т. Милибаеваның жауабы: 1. Біз бұл мәселеден хабардармыз және болашақта қажетті жұмыстарды жүргізуге тырысамыз. 2 және 3-сұрақтарға жауап берілмеді. Сұрақ: Ильдетаева Ж.З.: Неліктен педиатрдың қабылдауына үш күн күту керек? Жауап: Милибаева А.Т.: Қазіргі уақытта бізде балалар дәрігері жетіспейді, сондықтан қосымша дәрігер жоқ. Сұрақтар: Мальков А.В.: 1. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға бару азайған ба. 2. Кәсіпорында медицина қызметкері жоқ, ұйымның медициналық кабинеті мен медициналық қызметкері бар екеніне көз жеткізуге болады ма. Жауаптары: Милибаева А.Т.: 1. Тек науқасты емдеп, скрининг арқылы анықтаймыз.2. Қызметкер өзінің учаскелік дәрігеріне хабарласа алады. Сұрақ: Орман Ж.А.: Егде жастағы науқастарды оңалту ерекшеліктері және жеңілдікті дәрі-дәрмектер? Жауаптар: Милибаева А.Т.: қазіргі уақытта маман жоқ, бірақ біз бұл мәселені толығырақ қарастырамыз. Ұсыныстар: Басшының орынбасары А.Т. Милибаева ұсынған есепті ескеріңіз. Егде жастағы науқастарға физиотерапиялық көмек көрсетуді қарастырыңыз. Егде жастағы науқастарға оңалту процедураларын қамтамасыз етіңіз және оңалту кезеңінде жеңілдікпен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіңіз. Палата дәретханаларын мүгедектерге арналған жабдықтармен жабдықтаңыз. Дәрігерлердің кабинеттерінің есіктеріне Брайль белгілерін орнатыңыз. Егер тағайындалған дәрі қажетті терапиялық әсер бермесе немесе жағымсыз реакциялар тудырса, науқастардың емдеуші дәрігерімен байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. Мүгедектігі бар тұлғаларға дәрілік заттардың болмауына байланысты уақтылы берілмеген дәрілерді алу тәртібі, соның ішінде оларды жыл ішінде кейінірек алу мүмкіндігі туралы хабардар етілуін қамтамасыз етіңіздер. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз Жалтыр ауылдық округінің әкімі Амангелді Кеңесұлы Башаровқа беріледі. Башаров А. Қ.: Төраға: Баяндама аяқталды. Баяндамашыға сұрақтар бар ма? Сұрақ: В.В. Галинов.: 1. Көпқабатты үйлер орналасқан аумақтан қоқыс контейнерлері неліктен алынып тасталды? 2. Некрасов көшесінде көше жарықтандыруы қашан орнатылады? Жауап: А.Қ. Башарова: 1. Бұл мәселе қазіргі уақытта шешілу үстінде, қызмет көрсету шарты аясында жақын арада қоқыс контейнерлерін орнатамыз. 2. Бұл мәселе қазіргі кезде жер бөлу рәсімдеріне байланысты кідіріп тұр; қызмет құны жоғары. Сұрақ: А.В. Мальков: 1. Жоспарланған 1 200 000 теңге бюджетке Жалтыр ауылында ағаш отырғызу жұмыстары кіре ме? 2. Мешіт маңындағы саябақ жөндеуден өте ме? А. К. Башаровтың жауабы: 1. Мектеп, аурухана және Мәдениет үйі ғимараттарының маңында ағаш отырғызу жоспарланған. 2. Қазіргі уақытта мердігерлермен ағаш тәждерін кесуге қатысты келіссөздер жүргізілуде. Ұсынымдар: Жалтыр ауылдық округінің әкімі А. К. Башаровтың баяндамасы назарға алынсын. Некрасов көшесін тиісті деңгейде жарықтандыру жөніндегі жұмыстар күшейтілсін. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру. Абаттандыру және ағаштарды кесу жұмыстарын аяқтау. Қоқыс контейнерлерін орнату. Жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу. Атқарылған жұмыстар туралы есепті Қоғамдық кеңеске 2026 жылғы 27 қазанға дейін ұсыну. Құрметті әріптестер! Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды! Қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын! Қоғамдық кеңес төрағасы: В. Галинов Қоғамдық кеңес хатшысы: Ж. Шаймұратова

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңес отырысының 26.06.2026 ж. ХАТТАМАСЫ

    Хаттама 3 Астрахан ауданының қоғамдық кеңесінің отырысы Астраханка ауылы 26 маусым 2026 жыл 10.00Әкімдіктің үлкен залы Төраға: Галинов В.В. Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері және шақырылғандар! Бүгін біз Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар қатысқан жиында Қоғамдық кеңес өткізіп жатырмыз. Қоғамдық кеңес отырысында келесі мәселелер көтерілді: «Ауыл шаруашылығы техникумының «Көк жағалы» мамандығы бойынша кадрлар даярлаудағы жұмысы туралы» есеп. Баяндамашы – Валентина Сергеевна Путинцева, Астраханка ауылының агротехникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры. «Халықты әлеуметтік қорғау, қолданыстағы қолдау бағдарламаларын бағалау және жетілдіру» баяндамасы Баяндамашы – ММ басшысы Светлана Геннадьевна Вереина. Жиналыс төрағасы: Күн тәртібінде сұрақтар немесе басқа да ұсыныстар болады ма? Олай болмаса, жұмысқа кірісейік. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшейік: Сөз агротехникалық колледж жөніндегі мемлекеттік комитеттің директоры Валентина Сергеевна Путинцеваға беріледі. Путинцева В.С.: Сұрақ: Жауап: Путинцева В.С.:Сұрақ: Жауап: Путинцева В.С.:Ұсыныстар: Екінші сұрақ бойынша сөз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Светлана Геннадьевна Вереинаға беріледі. Жиналыс төрағасы: Баяндама аяқталды: Баяндамашыға сұрақтар бар ма? Вереина С.Г.: Сұрақ: Жауап: Вeрeинa С.Г.: Ұсыныстар: Жиналыс төрағасы: Жиналыс төрағасы: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, келесі отырыстар ағымдағы жылдың тамыз айында өтеді. Астрахан ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралады: «Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмыс туралы». Жалтыр ауылдық округі әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі. Құрметті әріптестер! Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды! Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! Қоғамдық кеңес төрағасы В.Галинов Қоғамдық кеңестің хатшысы Ж. Шаймұратова

    Жарияланды: