Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының ауданның сайлау комиссиялары құрамындағы бос жұмыс орындары туралы хабарламасы

    Астрахан ауданының мәслихаты

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Астрахан аудандық мәслихаты аумақтық комиссияның, учаскелік комиссияларының және округтік сайлау комиссияның құрамындағы бос орындардың бары туралы хабарлайды:

    1. АСК – 1
    2. УСК - № 169-1; № 190 -1; № 197 – 1; № 194 -1; №196 -1.
    3. ОСК - 2

    Сайлау комиссияның құрамында барлығы 8 (сегіз) бос орын бар.

    Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының саяси партияларынан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерінен және бос орындары бар жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар 2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанғадейін Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 мекенжайы бойынша қабылданады.

    Жауапты тұлға – Киякова Г.У, қалааралық телефон коды (871641), қызметтік телефоны: 2-28-96, ұялы телефоны: 8(778-388-05-74), электрондық поштасының мекенжайы: [email protected].

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, бос орындары бар учаскелік сайлау комиссияларына қатысты 2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

    • сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
    • саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
    • саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;
    • кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері көрсетілуі тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 21 қыркүйектен 06 қазанға дейін (қоса алғанда), дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:30-ден 18:00-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Жүктеу
    c474a5a7fbd51f5d7de20b1613734d8bd9207eb39f7c498058cdbdae9782160a_original.17533.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    Астрахан аудандық мәслихаты сессиясының 23.09.2026 жылғы № 8С-57-3 шешіміне қосымша «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Астрахан аудандық мәслихатыны...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    Решения Астраханского районного маслихата 57 очередной сессии

    Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес, Астрахан ау...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Ауданның қоғамдық кеңесінің құрамында бос орынға орналасуға қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру.

    Астрахан аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңес мүшесінің бос орнына байланысты конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м. а. 2025 жылғы 26 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығ...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    ПРОТОКОЛ заседания Общественного совета от 24.08.2026 г.

    Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының № 4 хаттамасы Астраханка ауылы 27 тамыз 2026 жыл, сағат 10:00 Әкімдіктің үлкен залы Төраға: В.В. Галинов Қоғамдық кеңестің құрметті мүшелері және шақырылған қонақтар! Бүгін...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңес отырысының 26.06.2026 ж. ХАТТАМАСЫ

    Хаттама 3 Астрахан ауданының қоғамдық кеңесінің отырысы Астраханка ауылы 26 маусым 2026 жыл 10.00Әкімдіктің үлкен залы Төраға: Галинов В.В. Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері және шақырылғандар! Бүгін біз Қоғамдық кеңес м...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Протокол заседания Общественного совета от 24.04.2026 г.

    2-хаттама Астрахан ауданы қоғамдық кеңесінің отырысы Астраханка ауылы 24 сәуір 2026 жыл 10.00 Әкімдіктің үлкен залы Төраға: Галинов В.В. Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері және шақырылғандар! Бүгін біз Қоғамдық кеңес мү...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    Решения Астраханского районного маслихата 56 очередной сессии

    Астрахан аудандықмәслихат сессияныңкүн тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес,...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңестің 20.02.2026 ж. ХАТТАМАСЫ

    №1 хаттама Астрахан облысы қоғамдық кеңесінің отырыстары Астраханка ауылы 20 ақпан 2026 жыл 10:00Әкімдіктің үлкен залы Жиналыс төрағасы: Галинов Виталий Виталиевич – Қоғамдық кеңес төрағасы.Құрметті Қоғамдық кеңес мүшеле...

    Астрахан ауданының мәслихатыЖарияланды: