«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

    Мәслихат туралы

    Құрметті қолданушылар!

    Сіздерді Алатау қаласының мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Сайтымызда депутаттық корпустың қызметімен, жергілікті өкілді органның өкілеттіктерімен, депутаттар қабылдаған құқықтық актілермен, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің қызметімен таныса аласыздар.

    Біздің сайтымыз жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен халық арасында тиісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды орнатуға толық ықпал етеді, бізге барынша сындарлы және өзара тиімді диалог құруға көмектеседі, қажетті ақпаратты, түсініктемелерді алуға және уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі деп сенеміз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Алматы облысы Алатау қаласының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласының мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды. Сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 20 26 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады. Алатау қаласының мәслихаты Алатау қаласы мәслихатының төрағасы – Р.М.Абилова Мәслихаттың орналасқан жері: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, №2 ғимараты. Жауапты тұлғалар: Бозжанқызы Асем, әкімдік ғимараты, 2-қабат, жұмыс телефондары: (8727)52 50 5 98, электрондық пошта мекенжайы: [email protected] Қалалық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды: Сайлау комиссиялары № Сайлау комиссиясының атауы Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы Бос орындар саны 1 2 3 4 5 1 №11 округтік сайлау комиссиясы №1 орта мектебі «Заречный» шағын ауданы, Дзержинский көшесі, № 3а 4 2 №22 округтік сайлау комиссиясы №15 орта мектебі «Ынтымақ» шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі № 2А 1 3 №24 округтік сайлау комиссиясы №14 орта мектебі «Қоянқұс» шағын ауданы, Абай көшесі № 2 Е 3 4 №25 округтік сайлау комиссиясы №5 орта мектебі «Жетіген» шағын ауданы, Қ. Қалибеков көшесі, № 5 5 5 №26 округтік сайлау комиссиясы №4 орта мектебі «Жетіген» шағын ауданы, Абылай хан көшесі, № 4 2 6 №27 округтік сайлау комиссиясы №6 орта мектебі Алатау қаласы, «Жетіген» шағын ауданы, Жігер көшесі, № 86 3 7 №363 учаскелік сайлау комиссиясы №16 орта мектебі «Ынтымақ» шағын ауданы, Мәңгілік ел көшесі № 45 1 8 №368 учаскелік сайлау комиссиясы №13 орта мектебі «Қоянқұс» шағын ауданы, Шиелі көшесі № 61 1 9 №371 учаскелік сайлау комиссиясы №15 орта мектебі «Ынтымақ» шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі № 2А 3 10 №379 учаскелік сайлау комиссиясы №4 орта мектебі «Жетіген» шағын ауданы, Абылай хан көшесі, № 4 1 11 №955 учаскелік сайлау комиссиясы №2 орта мектебі «Арна» шағын ауданы, Школьная көшесі, №6/1 1 12 №1030 учаскелік сайлау комиссиясы №14 орта мектебі «Қоянқұс» шағын ауданы, Абай көшесі № 2Е 3 13 №1031 учаскелік сайлау комиссиясы №10 орта мектебі «Жаңаталап» шағын ауданы, Қонаев көшесі, №1 1 14 №1032 учаскелік сайлау комиссиясы «Заречный» шағын ауданы, №6654 әскери бөлімі «Заречный» шағын ауданы, №6654 әскери бөлімі 1

    25 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXXV сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXXV сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласының әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. 2. Басқа сұрақтар.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    25 сентября 2026 года, г. Алатау, мкр. Коянкус, Акимат города Алатау, в 10.00 ч
    ОтырысАяқталды

    «Кітап оқитын ұлт» марафоны

    Құрметті әріптестер! 2026 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 10.00-де өтетін «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына арналған семинар-кеңеске қатысуға шақырамыз. Өткізу мекенжайы: Алатау қаласы, Жетіген шағынауданы, Жігер көшесі, №86, №6 орта мектеп. Іс-шараның басты мақсаты: марафонның негізгі мақсаттарын, шарттары мен ережелерін түсіндіру жүргізіледі, сонымен қатар жобаның іске қосылу барысын саралап, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері және кітапханалар арасындағы байланысты үйлестіру.

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Город Алатау, микрорайон Жетыген, ул.Жигер №86, средняя школа № 6.
    ОтырысАяқталды

    Алматы облысы Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4 ; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады. Алатау қаласының мәслихаты Алатау қаласы мәслихатының төрағасы – Р.М.Абилова Мәслихаттың орналасқан жері: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, №2 ғимараты. Жауапты тұлғалар: Бозжанқызы Асем, әкімдік ғимараты, 2-қабат, жұмыс телефондары: (8727)52 50 5 98, электрондық пошта мекенжайы: [email protected] Қалалық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды: Учаскелік сайлау комиссиялары № Сайлау комиссиясының атауы Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы Бос орындар саны 1 2 3 4 5 1 № 377 учаскелік сайлау комиссиясы «Ремонтно-строительное управление – 1» ЖШС Алатау қаласы, «Жетіген», «Дорожник» № 18 А 2 2 № 383 учаскелік сайлау комиссиясы № 65229 әскери бөлімшесі, клуб. Алатау қаласы, «Жетіген» шағын ауданы, № 65229, № 20709 әскери бөлімшелер аумағы. 2

    26 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIIII сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 21 тамыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIIII сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2. "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы 3. Алатау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы. 4. Басқа сұрақтар.

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    21 августа 2026 года, г. Алатау, мкр. Коянкус, Акимат города Алатау, в 11.00 ч
    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2. Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы. 3. Алатау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    5 августа 2026 года, г. Алатау, мкр. Коянкус, Акимат города Алатау, в 11.00 ч
    Шешім

    Алатау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-89 шешімі.

    "Алатау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-89 шешімі.

    Жарияланды:
    Шешім

    "Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы №11-35 "Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-88 шешімі.

    "Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы №11-35 "Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-88 шешімі.

    Жарияланды:
    Шешім

    "Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Бірлескен Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-87 шешімі мен Алатау қаласының әкімдігінің №325 қаулысы

    "Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Бірлескен Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-87 шешімі мен Алатау қаласының әкімдігінің №325 қаулысы

    Жарияланды:
    Шешім

    "Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсанындағы № 26-68 "Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-86 шешімі.

    "Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсанындағы № 26-68 "Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамызындағы № 33-86 шешімі.

    Жарияланды:
    Жоспар

    Алатау қаласы мәслихатының 2026 жылдың тамыз айына арналған жұмыс жоспары

    Алатау қаласы мәслихатының 2026 жылдың тамыз айына арналған жұмыс жоспары

    Жарияланды:
    Шешім

    № 69-22-01-24/77-И депутаттық сауал 26.05.2026 жыл

    № 69-22-01-24/77-И депутаттық сауал 26.05.2026 жыл

    Жарияланды: