Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласының мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Алатау қаласының мәслихаты
Алатау қаласы мәслихатының төрағасы – Р.М.Абилова
Мәслихаттың орналасқан жері: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, №2 ғимараты.
Жауапты тұлғалар: Бозжанқызы Асем, әкімдік ғимараты, 2-қабат, жұмыс телефондары: (8727)52 50 5 98, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]
Қалалық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:
Сайлау комиссиялары
№ |
Сайлау комиссиясының атауы |
Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы |
Бос орындар саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
№11 округтік сайлау комиссиясы |
№1 орта мектебі |
«Заречный» шағын ауданы, Дзержинский көшесі, № 3а |
4 |
2 |
№22 округтік сайлау комиссиясы |
№15 орта мектебі |
«Ынтымақ» шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі № 2А |
1 |
3 |
№24 округтік сайлау комиссиясы |
№14 орта мектебі |
«Қоянқұс» шағын ауданы, Абай көшесі № 2 Е |
3 |
4 |
№25 округтік сайлау комиссиясы |
№5 орта мектебі |
«Жетіген» шағын ауданы, Қ. Қалибеков көшесі, № 5 |
5 |
5 |
№26 округтік сайлау комиссиясы |
№4 орта мектебі |
«Жетіген» шағын ауданы, Абылай хан көшесі, № 4 |
2 |
6 |
№27 округтік сайлау комиссиясы |
№6 орта мектебі |
Алатау қаласы, «Жетіген» шағын ауданы, Жігер көшесі, № 86 |
3 |
7 |
№363 учаскелік сайлау комиссиясы |
№16 орта мектебі |
«Ынтымақ» шағын ауданы, Мәңгілік ел көшесі № 45 |
1 |
8 |
№368 учаскелік сайлау комиссиясы |
№13 орта мектебі |
«Қоянқұс» шағын ауданы, Шиелі көшесі № 61 |
1 |
9 |
№371 учаскелік сайлау комиссиясы |
№15 орта мектебі |
«Ынтымақ» шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі № 2А |
3 |
10 |
№379 учаскелік сайлау комиссиясы |
№4 орта мектебі |
«Жетіген» шағын ауданы, Абылай хан көшесі, № 4 |
1 |
11 |
№955 учаскелік сайлау комиссиясы |
№2 орта мектебі |
«Арна» шағын ауданы, Школьная көшесі, №6/1 |
1 |
12 |
№1030 учаскелік сайлау комиссиясы |
№14 орта мектебі |
«Қоянқұс» шағын ауданы, Абай көшесі № 2Е |
3 |
13 |
№1031 учаскелік сайлау комиссиясы |
№10 орта мектебі |
«Жаңаталап» шағын ауданы, Қонаев көшесі, №1 |
1 |
14 |
№1032 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Заречный» шағын ауданы, №6654 әскери бөлімі |
«Заречный» шағын ауданы, №6654 әскери бөлімі |
1 |