Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Отпан ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган - техникалық салалар болып табылады

    Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, облыс әкімі мен әкімінің, қала әкімі мен әкімінің, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    ОтырысАяқталды

    3 қараша күні аудан әкімі Жыңғылды мен Тұщыбектегі нысандарды аралады

    3 қараша күні аудан әкімі Жыңғылды мен Тұщыбектегі нысандарды аралады Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров ауылдарға жұмыс сапарымен барды. Жыңғылды ауылындағы уақытша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңының жай-күйі қаралып, жаңа полигон салу мәселесі талқыланды. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Ауылдағы Мәдениет үйінің қазіргі жағдайы зерделенді. Жаңа ғимарат салуға арналған құжаттама әзірленіп, түзетуден өткен. Е. Айшуақұлы атындағы орта мектептің, орталық саябақтың және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жай-күйі де назардан тыс қалмады. Тұщыбек ауылында әкімшілік пен дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мәселелері сөз болды. Аудан әкімі кітапхана жұмысымен танысып, тұрғындар үшін заманауи мәдени орталық салу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. «Дария» мекемесіне қарасты ауылдық су тарату бөлімшесінің жұмысы және бұрын ауыз су көзі болған Қайнар бұлағының қазіргі жағдайы пысықталды. Жұмыс сапарының басты мақсаты – ауылдардың өзекті мәселелерін жергілікті жерде зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын айқындау. Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    11 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ауылдардың дамуы – нақты істер мен жүйелі жұмыстың нәтижесі

    Ауылдардың дамуы – нақты істер мен жүйелі жұмыстың нәтижесі Аудан әкімі Ерғали Скендировтің төрағалығымен өткен аппараттық жиында Онды және Отпан ауылдық округтерінде биыл атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды. Онды ауылдық округі: абаттандыруға басымдық берілді 4 ойын алаңы жөнделіп, 9 ойын қалашығы мен 4 стрит-воркаут алаңы орнатылды. «Онды бағында» 4 мың түп жеміс ағашы отырғызылып, жалпы ағаш саны 8 мыңнан асты. Басқұдық елді мекені маңындағы Мырзайыр құдығы абаттандырылып, тарихи-мәдени нысандарды туристік бағытқа енгізу қолға алынды. NCOC компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында Онды ауылында ұзындығы 4,9 шақырым ауылішілік жол салу жұмыстары 90%-ға орындалды. Алдағы жоспар – «Әбіш аллеясын» салу, ескі амбулатория ғимаратында «Әбіш орталығын» ашу және басқа да абаттандыру жобаларын жүзеге асыру. Отпан ауылдық округі: білім және инфрақұрылым Тұщыбек ауылындағы мектепке 160 орындық қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Мектеп пен балабақша ғимараттары жөндеуден өтті. 2,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселіп, ветеринариялық модульдік пункт іске қосылды. Ауыз су, газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100%-ға жетті. №15 Бекет елді мекенінде тұрғын үйлерге су тарту жұмысы басталды, ал салынып жатқан ойын алаңы жақында қолданысқа беріледі. Жиында ауылдардың өзекті мәселелері талқыланып, аудан әкімі тұрғындар көтерген жол, су, спорт және медицинаға қатысты түйткілдерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

    11 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ. Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мақсатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасы Отпан ауылдық округіне демеушілік көмек көрсетті. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін мекеме тарапынан 2 автосамосвал және 1 тиегіш техника арнайы жүк көлігі бөлінді.

    5 қараша 2026 ж.Тікелей
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Құжат

    Азаматтық бюджет

    Жарияланды: