Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқық кабинеті» ашылғандығын хабарлаймыз.

    «Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқық кабинеті» ашылғандығын хабарлаймыз. Ауыл тұрғындарының назарына! Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін (қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу) қамтамасыз ету мақсатында Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында тұрғындардың құқықтық ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құқықтық кабинет жұмыс жасап жатқандығын хабарлаймыз! Мекен-жайы Еңбек ауылы, Т. Дәуітбаев көшесі №4 Сұрақтар бойынша төмендегі байланыс номеріне хабарласа аласыздар: +7 724 31 33 1 22

    2 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Бюджет

    2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

    2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ Еңбек ауылы 2026 ж Сіздердің назарларыңызға Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады. Аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттардың бағыттары туралы ақпарат көрсетілген. Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады: Еңбек ауылдық округі әкімі бюджетінің түсімдері; Еңбек ауылдық округі әкімі бюджетінің шығыстары. Еңбек ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №37-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” 2026-2028 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округі әкімінің бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамының көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған. 2026-2028 жылдарға Еңбек ауылдық округі бюджеттері кірістерін болжамдау кезінде 2025 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы ескерілді 2026 жылғы базалық мөлшерлемелер: жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 35 596 тенге; зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049 теңге; жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 4 325 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851теңге. (Қызылорда облысы үшін) 2026-2028 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округі бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2026-2028 жылдарға арналған Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді. 1.Кірістер – 2026 жылы 118138,0 мың теңге; 2027 жылы 124941,0 мың теңге 2028 жылы 124941,0 мың теңге салықтық түсімдер 2026 жылы 6787,0 мың теңге; 2027 жылы 6210,0 мың теңге; 2028 жылы 6210,0 мың теңге; трансферттер түсімі 2026 жылы 111351,0 мың теңге; 2027 жылы 118731,0 мың теңге; 2028 жылы 118731,0 мың теңге; Шығыстар: 1.«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет» функционалдық тобы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша: 2026 жылы – 60473,0 мың теңге; Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға бағытталады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»функционалдық тобы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша: «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша: 2026 жылы – 3400,0 мың теңге; (жарықтандырудың төлемі мен күтіп ұстауға жұмсалады) «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша: 2026 жылы – 3000,0 мың теңге; (Елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету ) «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша: 2026 жылы – 4000,0 мың теңге; (Балалар ойын алаңын салу. Ауыл ішін абаттандыру, саябақтарды күтіп ұстау, билбордтарды ауыстыру.) «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы «Жергілік деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша 2026 жылы – 47265,0 мың теңге

    Жарияланды: