2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

    ·

    2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

    Еңбек ауылы 2026 ж

    Сіздердің назарларыңызға Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады. Аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттардың бағыттары туралы ақпарат көрсетілген.

    Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

    Еңбек ауылдық округі әкімі бюджетінің түсімдері;

    Еңбек ауылдық округі әкімі бюджетінің шығыстары.

    Еңбек ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

    «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №37-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”

    2026-2028 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округі әкімінің бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамының көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

    2026-2028 жылдарға Еңбек ауылдық округі бюджеттері кірістерін болжамдау кезінде 2025 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы ескерілді

    2026 жылғы базалық мөлшерлемелер:

    жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

    мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 35 596 тенге;

    зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049 теңге;

    жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 4 325 теңге;

    базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851теңге. (Қызылорда облысы үшін)

    2026-2028 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округі бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2026-2028 жылдарға арналған Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.

    1.Кірістер –

    2026 жылы 118138,0 мың теңге;

    2027 жылы 124941,0 мың теңге

    2028 жылы 124941,0 мың теңге

    салықтық түсімдер

    2026 жылы 6787,0 мың теңге;

    2027 жылы 6210,0 мың теңге;

    2028 жылы 6210,0 мың теңге;

    трансферттер түсімі

    2026 жылы 111351,0 мың теңге;

    2027 жылы 118731,0 мың теңге;

    2028 жылы 118731,0 мың теңге;

    1. Шығыстар:

    1.«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет» функционалдық тобы

    « Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:

    2026 жылы – 60473 ,0 мың теңге;

    Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға бағытталады.

    1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»функционалдық тобы

    «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша:

    «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша:

    2026 жылы – 3400,0 мың теңге; (жарықтандырудың төлемі мен күтіп ұстауға жұмсалады)

    «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

    2026 жылы – 3000,0 мың теңге; (Елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету )

    «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша:

    2026 жылы – 4000,0 мың теңге; (Балалар ойын алаңын салу. Ауыл ішін абаттандыру, саябақтарды күтіп ұстау, билбордтарды ауыстыру.)

    1. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы

    «Жергілік деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша

    2026 жылы – 47265,0 мың теңге

    Жүктеу
    fb192c6e8c697bc887d0728bfc075320_original.52224.doc
    DOC · 51 КБ
    Жүктеу