Қызметкерлер — Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты

    Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Бисембаев Нұржан Пермебайұлы
    Әкім

    Бисембаев Нұржан Пермебайұлы

    Тереңөзек кентінің әкімі

    Бисембаев Нұржан Пермебайұлы 1976 жылғы 4-ші тамызда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, О. Мәлібаев ауылында дүниеге келген. 1983-1993 жж №131 қазақ орта мектебінде білім алған. 1994-1999 жж Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік унивеситетінде «жерді үйлестіру», 2009-2011 жж жоғарыда аталған білім ордасында «Құрылыс» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1999-2000 жылдары Қапшағай қаласындағы №68602 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.

    Садуақасов Тимурлан Бекдуллаұлы
    Әкімінің орынбасары

    Садуақасов Тимурлан Бекдуллаұлы

    Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары

    Садуақасов Тимурлан Бекдуллаұлы 1981 жылы 19 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 1998 жылы Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепті бітірген. 2000 жылы Семей қаржы-экономикалық колледжін бітіріп, «Қаржыгер» мамандығын алған. 2000-2002 жылдары Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен әскери қатарына шақырылып, әскери борышын өтеген. 2008 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» Университетін бітіріп, «Қаржыгер бакалавры» мамандығын алған. 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университетін аяқтап, «Құқық бакалавры» дәрежесін алған. Отбасылы жұбайы, үш қызы бар.