
Садуақасов Тимурлан Бекдуллаұлы
Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Садуақасов Тимурлан Бекдуллаұлы 1981 жылы 19 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
1998 жылы Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепті бітірген.
2000 жылы Семей қаржы-экономикалық колледжін бітіріп, «Қаржыгер» мамандығын алған.
2000-2002 жылдары Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен әскери қатарына шақырылып, әскери борышын өтеген.
2008 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» Университетін бітіріп, «Қаржыгер бакалавры» мамандығын алған.
2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университетін аяқтап, «Құқық бакалавры» дәрежесін алған.
Отбасылы жұбайы, үш қызы бар.
2004 жылы «Шапағат Лимитед ЛТД» ЖШС қойма меңгерушісі қызметін атқарған.
2005-2006 жылдары «Сырдария-1» Кредиттік серіктестік ЖШС-гі, несие бөлімінің маманы қызметін атқарған.
2006-2010 жылдары Теміртау қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
2011 жылы Жанаөзен қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы қызметін атқарған
2012-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» ММ-сі, есепші болып жұмыс жасаған.
2014-2015 жылдары Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, мемлекеттік құқықтық және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы болып қызмет жасаған
2015-2024 жылдары Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылы Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
2025 жылдың 5 қарашасынан бастап кент әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
