
Құламқадіров Талғат Ізтайұлы
Шіркейлі ауылдық округінің әкімі
Құламқадіров Талғат Ізтайұлы 1983 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Ә.Жәмішев атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2000 жылы осы мектепті бітіріп шықты. 2001 жылы Алматы «Заң» колледжіне түсіп, 2003 жылы бітіріп шықты. 2003 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетіне түсіп, 2008 жылы «Заңтану» мамандығын алып шықты. 2008 жылы «Болашақ» университеттіне түсіп, 2010 жылы «Информатика» пәні мұғалімі мамандығын алып шықты. Отбасылы, жұбайы екеуі 5 ұл тәрбиелеп келеді.