Сұрақтар мен жауаптар — Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    «e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    «e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: eGov/eGovmobile сайты; Aitu мобильді қолданбасы; Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады

    Жауап

    Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға...

    Сұрақ

    Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткзейін деп едім. Сіздер бөлм тарапыныздан қандай көмек болады.

    Жауап

    Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Сырдария ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Сырдария ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін қалай алсам болады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін алу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес сауда - саттыққа (аукциондарға) шығарылып беріледі. Кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес сауда - саттық аукционға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің...

    Сұрақ

    Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім түр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін...

    Сұрақ

    Аукционмен жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының талаптарына сәйкес «E-qazyna» мемлекеттік мүліктер тізілімі порталы арқылы сауда-саттыққа (аукционға) қатысу арқылы алуға болады.

    Сұрақ

    Орталыққа кімдер жүгіне алады?

    Жауап

    Орталыққа барлық адамдар (отбасылар) жүгіне алады. Орталық барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.

    Сұрақ

    Қиын өмірлік жағдай дегеніміз не?

    Жауап

    Қиын өмірлік жағдай – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша танылған адамның өз бетінше еңсере алмайтын тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын жағдай;

    Сұрақ

    Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?

    Жауап

    Орталықтар мыналарды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру; 2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар...

    Сұрақ

    Өзіңізге белгілі, Күріштің жаны су десек судың мөлшері қалай болмақ?

    Жауап

    Бүгінгі күнге Шардара мен Көксарай су қоймаларында 6 млрд. 135 млн. текшеметр су жиналып, Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 150,0 текшеметр су жіберілуде.

    Сұрақ

    Бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қалай білуге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жұмыс беруші еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті. Бос жұмыс...

    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?

    Жауап

    Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап көрсеткенде: Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету; Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасы...