Қызметкерлер — Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Оразбеков Үсен Нұрғазыұлы
    Әкім

    Оразбеков Үсен Нұрғазыұлы

    Ауылдық округ әкімі

    Оразбеков Үсен Нұрғазыұлы 1980 жылдың 10 сәуірінде. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ломоносов атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қабылданып оны 1997 жылы бітірген, Қызылорда облысы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Құқықтану» факултетіне түсіп, «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Шымкент Университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша бітірген

    Басқа қызметкерлер

    2
    Маматов Кажденбек Угизбаевич
    Қызметкерлер

    Маматов Кажденбек Угизбаевич

    Ауылдық округ әкімі

    Маматов Кажденбек Өгізбайұлы 1964 жылы қыркүйек айының 4-і күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. 1971 жылы №41 орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданды. 1981 жылы осы мектепті бітіріп шығып, сол жылы Қызылту ордені Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған қаласындағы бөлімшесінің кешкі оқу бөліміне инженер - механик мамандығы бойынша түсті, 1983-1985 жылдар аралығында Совет армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді, 1989 жылы Қызылту ордені Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған қаласындағы бөлімшесінің кешкі оқу бөлімін инженер - механик мамандығы бойынша бітірген

    Рахметова Тұрсынкүл Әмірәліқызы
    Қызметкерлер

    Рахметова Тұрсынкүл Әмірәліқызы

    ауылдық мәдениет үйінің директоры

    Рахметова Тұрсынкүл Әмірәліқызы 1965 жылы сәуір айының 18-і күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылында дүниеге келген.1972 жылы № 92 орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданды. 1982 жылы осы мектепті бітіріп ауыл шаруашылығы өндірісіне жұмысқа қалдырылды. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогика институтының музыка факультетінің дайындық курсына түсіп, 1985 жылы аталмыш оқу орнының музыка факультетіне қабылданып 1989 жылы бітіріп шықты.